Кеттi ғой жiгiт...Жексен ғып кеттi жерменен,Мәңгiге кеттi...сол шақта-ақ!..Жылады сұлу,Өмiрiнде жылап көрмеген,Көзiнен жасы моншақтап!.. Алдынан кiлең шығады-ау иттерқамалап,Қорқытып бейпiл қаланың өңшең мастары.Жыртады-ау бетiн дұшпаны келiп табалап,Аяйды-ау ендi достары!.. Ақ қайың сөйлер,басынан сипап, елжiреп:Қаймықпа,жаным,қайта есiл!..Келмеске кеттi,Мәңгiге кеттi...Жел-жүрек,Қамығып қайтесiң !.. О,өмiр,сондай малғұнға неге бұрасың,Арада жоқпын!..Бара алмай тұрмын!.. Тiстенiп!..Мөлдiреп балғынЖүрегiмде жүрген бiр асыл,Секiрiп тұрдым... ТҮС КӨРIП... 26.03К.1968 жыл
- 151 просмотр