ВЕРНУТЬСЯ

Шүкiр ет дедiңдер ғой!Шүкiр,дейiн.Қитығып жел өтiне түкiрмейiн.Бiрдеңе тапқан болсаң төр сенiкi,Мен сенiң жыртығыңды бүтiндейiн!.. Шуыңды көтерейiн қарға болсаң,Жоқты ұмытып,қайтейiн барға болсаң.Перiште қызыққанннан келдi деме,Ұшып кеп қасыңдағы...талға қонсам!.. Маңдайдың ойламаңдар соры ма деп,Мен сенiң отырғам жоқ...боғыңа кеп.Сендердiң үймелесiп жатқандарың,Ойлап ем атқан таңның шоғы ма деп... Қиналсаңдар қойыңдар белгi берiп,Бiрер сәт отырайын елдi көрiп.Қалыбайдың өмiрi бар ма,жоқ па,Есiгiңдi қаққанша  ендi келiп!..                        27.04.2003 жыл.