ВЕРНУТЬСЯ

           Аштықты
және тоқтықты

Басқа да жермен көрер тең

Атағың неден көп шықты,

Смоленщинам - көне өлкем?

Құнарсыз, шырсыз жеріңмен,

Жүргізбес батпақ жолыңмен,

Сүліктер сорған еліңмен,

Боларсың даңққа көмілген...

Есімде,

Тихон қарт көптен

Қамығып, қайғы жанын жеп,

Түнеріп
тұрып, шарт кеткен:

- Ағызса суға... бәрін!.., - деп

Жер де емес еді-ау жер дейтін,

Қанша ексең түк те өнбейтін...

Бөленіп мүкке бұйықты

Тереңі тұнған нелер кен.

Сайтан алғыр-ай, сүйікті,

Смоленщинам - көне өлкем!..

Жер едің мешеу, қапалы,

Түрлендің енді көптен-көп

Төңкерістердің атағы

Өзіңді аттап кеткен жоқ.

Жар етіп жарқын өмірді,

Жаһанның жайды бәрі өркен,

Міне, енді бай да көңілді,

Смоленщинам - жаңа өлкем.

Тоқшылық туын көтеріп,

Қырларың сенің сый көрді -

Түстіктен тұқым
әкеліп,

Егуді мұжық
үйренді.

Қашықтық деген күрт кеміп,

Шалғай жер енді қалмаған,

Дуаннан шыққан жүк-көлік

Жаңа көпірмен заулаған.

Жайылды жақсы атағың,

Жағалай - жаңа мекендер.

Смоленщинам - Отаным,

Бар ма екен саған жетер жер?

Түтініңді аңсап өтемін...

Қанша күн
өтті?

Қанша жыл...

Армысың, туған мекенім!

Бар ма екен Тихон шал қазір?!

Жас едік
ол кез ақылсыз,

Белді де буып жүргеміз,

Сүргенше ғұмыр татымсыз

Айырылыспаққа мүлде біз.

Жүгіңе бола келіп ең,

Абыржи бердің кеш қалып,

Қоштасарыңда менімен,

Кетпекші болдың пеш жағып.

Отынды жалын аймалап,

Жанғанын оттың көз көрді

Сонда сен маған жай ғана

Айттың бір сырлы сөздерді

Бізде енді тірлік басқаша,

Махаббатқа жоқ еш қауіп,

Бірдеңе бола бастаса

Аламыз ылғи пеш жағып.