ВЕРНУТЬСЯ

Көзді алатын көркемдік саған біткен,Басқаларға қараушы ең балаңдықпен.Іші-сырты келіскен сен бір сұлу,Сұлулыққа қызығар адам біткен. Қара мұнай –Байлықтың төс-бедері –Саған қара қайғы боп көшкен еді.Сол қайғыңа таласып жатыр адам,Шаттығың жоқ.Ол болса не істер еді!? Толқынға толқып келген күндер есте,Оның бәрі айналды мұңды елеске.Қызыл балықҚып-қызыл күнге айналып,Адамдардан қашады күнде кешке.Ойланып жағада анау құм-зиялы,Сені қорғап шулайды ну-қияғы.Еділ өзен тамшысын үзіп беріп,Жаық келіп шелектеп су құяды. Шағала жүр толқыннан қалмаймын деп,Жартас тұр бұдан әрі бармаймын деп.Балығыңды аулайды ел,Мен әуремін,Сенің пәстеу көңіліңді аулаймын деп.