ВЕРНУТЬСЯ

Көңілі жақын адамдар,Үйіңе тез-тез енеді.Сүйгенің келсе үйіңе,Теңіздің де өзі келеді. Көңілі жақын адамдар,Бір-бірін іздеп жүреді.Бір –бірін сүйген ғашықтың,Таулардан биік жүрегі. Жаныңа келсе сүйгенің,Кіреді жұлдыз төсекке.Көрінер  саған мамықтай,Тисе де тізең кесекке. Болса да үйің жертөле,Ошақтың отын өртеме.Сүйіктің үйге келгенде,Күн нұры кірер көрпеңе!              Қаңтар,1996 жыл