ВЕРНУТЬСЯ

Ақ көңілін жайғандыАсылыма баладым,Ақ бұлақтай қайнарлыСырласыма санадым.Жасы үлкенмен ұғысып,Жақсыларға жұғысып,Жазылады тынысым,Жаным жасап, ырысым,Ашылады бағым да,Жайнап атар таңым да.Сыйласа жас, кішілер,Жайым бар ғой кішірер.Жайсаң жанды кісілер –Бірін-бірі түсінер.Жылысөзге ұйимын,Күн шуақтай жылимын.Түсі игімен тілдессем,Төгіледі жыр-кестем,Өмір жайлы ойласам,Адам жайлы толғасам,Жақсылыққа үндеймін,Арам ойды білмеймін,Бауыр болса адамдар,Өмір одан алар нәр,Жанып туған жайсаңдар-Адамзатқа ой салар,Қамын ойлап халқының,Ойлы өткізер әр күнін,Парқын біліп әр істің,Жолын салар ғарыштың,Елім десе еңірер,Арғымағын тебінер,Сөз сөйлесе төгілер,Ойдан өрнек өрілер,Әуейі жан бола алмас,Ар-намысын жоғалтпас,Осы менің түйгенім,Жасықтарды сүймедім.Жалын атқан достардыңҚостым жиі бастарын.Көңіл құсын шалқытып,Тұла бойды балқытып,Сырласқанды ұнаттым,Сылдырындай бұлақтыңТілдескен бір  сәттерде,Жыр тіземін дәптерге...Жаны жайсаң – сыйласым,Жақынымдай қимасым.Бәрі-бәрі көңілде –Жарқыраған өмірде,Мәні солай тірліктің,Тұман-түннің – түндіктіңСілкіп селкеу пердесін,Бойды шабыт кернесін.Жаулық қылған пендеге,Жауықпаймын мен неге?!Жауыз көрсем қаталмын,Хан ығардай қаһарым.Кегім егер қайнаса,Жыным егер ойнаса,Арыстанша ақырып,Әбжыланша атылып,Әруағымды шақырам,Дүлей желдей қағынам.Ел намысын бермеймін,Жер намысын бермеймін.Тажалдаймын жауыма,Жарқын құшақ – бауырға.Бауырмалмын, қаншылмын,Ерлік іске жаршымын,Ерді сыйлап дауылпаз,Дұшпандарым – жағымпаз,Алаяқпен алыстым,Тілгіледім, жаныштым,Жәдігөйді жек көрдім,Залымдарға кектендім.Қарақан басты ойлаған,Тірлікке арзан тоймаған –Жылтырларға жуыспай,Тура жанды туыстай –Жақын тартып жүрегім,Іштей ширап жүремін.Қаралыққа қарсымын,Қаталдаумын, бар шыным.Ұлы өмірді жыр еттім,Әділетті ту еттім.Маңғыстауым – тұрағым,«Бекет!» - ата, ұраным!

Автор: