Жоқ
демеймін!
Жанашыр
- жақтасым көп!
Жалынбаймын
ешкімге -
Мақтасын
деп.
Сондай
жанның біреуі Сырбай еді,
Бірде
"Айдосқа" тіреді
ат басын кеп.
Қос
жанарын Сырағаң қадап күліп:
- Сүйеді ғой бұл күнде мадақты жұрт,
Соған
лайық көше екен "Правдаңыз", -
Деді
тауға қасқайып қарап тұрып. -
Мынадай
бір ой келді биыл маған:
Тар
көшеде- құмырсқа шиырлаған,
Алтынсарин
көңілсіз жатыр...
Оған -
Мынау
даңғыл қалайша бұйырмаған?!
Киіп
кеткен біреулер кимелеп кеп,
Қазақтарға
тар көше тиген ептеп...
Осыны
ойлап Сырағаң келе жатты,
Жылжығанда
екеуміз үйге беттеп.
Сезген
едім Ақынның сонда лебін,
Мән-жайымды
білетін ол да менің!
Сырбай
аға Пайғамбар жасына кеп,
Мен
де Елуге сол жылы толған едім.
Осы
жылы үш томы жарық көрген -
Арнау
сөзін жазып дәу Әріптермен,
Сыйлады
да,
Айдос
- Алтынсарин даңғылындағы аялдама.
Күлімдеп
алғыс айтты,
- Өзге сыйым жоқ, - деді, - алып келген!
Жолың
болсын жортқанда - Өлеңдегі,
Өлең
деген ақынның - Төл Еңбегі!
Сенбі
күні үйде бол!
Кетіп
қалма!
Жеңгеңді
ертіп арнайы келем! - деді.
Аға
сөзі - ақынды желіктірді,
Көз
алдында көлбеңдеп,
...Елік тұрды!
Гүжілдеген
Сырағаң жеңгейді ертіп,
Айтқан
күні сәскеде келіп кірді:
- Құтты болсын, ер жасы -
Елудесің,
Елу
жасқа, бұл
күнде келу де - Сын!
Қиындыққа
қасқайып қарсы тұрып...
Тағдыр
салған бейнетті жеңудесің!
Жеңудесің
- ол сенің қайсарлығың,
Сенен
қорқып қайғы мен
тайсалды
мұң!
Себебі
- сен ойыңды батыл айтып,
Бере аласың, кім болсын,
Байсалды
ұғым!
Сол
үшін де арымас - баталы құл!
Болушы
еді, қарттардың мақалы бір:
"Тон
болмайды орамал,
Жол
болады!" -
Саған
жапқан жеңгеңнің шапаны бұл!
Жоқ
демеймін!
Дос-көңіл жақтасым көп!
Жалбақтаман
біреуге -
Мақтасын
деп!
Сондай
жанның біреуі -
Сырбай
еді,
Бірде
"Айдосқа" тіреді ат басын кеп.
Бұл
ақынды Арқаның біледі елі...
Бір
нәрсеге сөз
ұшы тіреледі:
Алтынсарин
атында сол "Правда",
Сырағаңның,
ғажап қой! -
Тілегі
еді...
Мезі
етпеспін марқұмды айта беріп
(Сонда
ақынның ниетін байқап едік).
Алшаң
басып Ыбырай даңғылымен -
Жүрер ме еді, жарықтық қайта келіп?!
- 151 просмотр