ВЕРНУТЬСЯ

    Кешір, жұртым, сейлесем әнтек үнмен,

Көрдім талай тағдырдың тәлкегін мен.

Ойланайықшы өткен бір дәуірлерді

Қара жерге аз ба еді қан тегілген?!

Біреулер жүр сағынып дәуірді өткен,

Мұның өзі
білгенге тәуір деп пе ең!

Адам тумай орнына атом туған

Біздің ғасыр, ағайын, ауыр
неткен?!

Тұла бойда түп-түгел мүшең тұрып,

Лайладың суды да ішер тұнық...

Қайта құру орнына қайта қырып,

Жатырсыңдар жазықсыз кісі өлтіріп.

Сөзін тыңдап күндескен күйкілердің

Неге, ағайын, жанжалдың итіне ердің?

Аңсадың ба әлде осы азат күнде

Қан сасыған жорығын Гитлердің?!

Елемей не ескермей ұлт тілегін

Бір-біріңді неге, адам, түрткіледің?

Көрші отырып көршіге
қол көтеру -

Жауызға тән екенін жұрт
біледі...

Тоқтау керек,
ағайын, ақылды ұғып,

Тоқтау керек!

Осыған шақырды жұрт.

Кемпір-шалдың жазықсыз жанарында

Қанша қайғы-қасірет жатыр бұғып?!

Онсызда бұл қысқа өмір, қысқа
күнде

Қорқау жатқан қатерлі ұқсап інге

Ырылдасып, аңдысып...

Беу, ағайын,

Қайта барып жүрмеңдер Сталинге?!