ВЕРНУТЬСЯ

     Түн
еді бұл...

Тас
қараңғы төңірек,

Ай
тумаған.

Жұлдыздарға
толы көк.

Шырт
ұйқыда жатыр едім.

Түсімде
-

Көрдім
сені.

Ойладың
ба көбірек?!

Ояттың
сен!

Шырт
ұйқымнан ояндым.

Ояндым
да нұр сәулеге бояндым.

Атып
келе жатыр екен аппақ таң,

Соған
қарап еске түрлі
ой алдым:

...Көз
алдымда!

Осы
таңдай нұрлы едің,

Сол
бір бейнең -

Көз
алдымда тұр менің:

Таң алдында қол ұстасып өзіңмен

Бақ
ішінде серуендеп жүргенім...

Көз
алдымда!

Сол
бір ғажап сәттерің:

Күміс
күлкі,

Қоңыраулы
үн,

Тәтті
ерін...

Сол
түні ғой, Өмір бізге ұсынды,

Махаббаттың
ақ төрін!

Көз
алдымда!

Көріністің бәр-бәрі:

Өмір
жатты өзен құсап арналы!

Көз
алдымда!

Тау
басында тал көктеп,

Аққайыңның
аппақ бүршік жарғаны!

Көз
алдымда!

Қуанышты
сәт небір,

Өтті
күндер шалқып тасып, шат көңіл.

Сол
түні ғой...

Отау
тігіп, үй болдық,

Есік
ашып тәтті Өмір!

Көз
алдымда!

Бозбала,
күн, бал шағым,

Содан
бері өтті-кетті қанша күн?!

Айтшы
өзің, шаршадың ба, жаным-ау,

Мен
де аздап шаршадым...

Енді
қайтем?

Мен
де өзіңдей пендемін,

Қартаясың
десе біреу - сенбедім!

Соның
бәрін еске салғың келді ме,

Қайта-қайта
түсіме ендің, сен менің!

Самайын
Алатаудың қырау шалып,

Жылжиды
төбесінде -

Жыланша
бұлт!

Сүмеңдеп
орман іші -

Жел-жігіт
жүр,

Жұртына
қайың-қыздың сұрау
салып.

Қарағай
болмаса да кекті, мейлі

Жел-жігіт
оны да кеп тепкілейді.

Тентегін
тежей алмай...

Кейде
бұлттың -

Көз
жасы тамып-тамып кетті дейді.

Жалт
ойнап...

Құйды
нөсер бұлағайлап...

(Бұл
өзі біреулерге ұнамайды-ақ!)

Сөйткенше
Кемпірқосақ шыға келді,

Қолында
қылышы бар!

Құдай
айдап!...

Алғандай,
жанға жайлы -

Жаңа тыныс,

Маужырап
жатты ұйқыға -

Дала тыныш...

Адамның
қасиетінен

аумайтұғын,
-

Сен
осы, қызықсың-ау,

Жаратылыс?!

Жүрші
тауға шығайық, жүрші, жаным!

Сенсіз
менің
сарқылып тұр шыдамым.

Шыңға
шықсаң, өзіңмен бір шығамын!

Шымбұлақтың
сіміріп таңғы ауасын,

Жамылайық
жып-жылы Күн шуағын

Жүрші,
тауға шығайық, жүрші, жаным!

Жүрші,
жаным, ілесіп, жүрші маған!

Саған
деген сақтаулы - бір сыбағам.

Тауға
шығып, салқында сырласайық,

Думаны
мол дүние - тұрсын аман!..

Қайғы-мұңнан
жырақта жүрсін, адам,

Жүрші,
жаным, ілесіп, жүрші маған!

Жүрші,
жаным, қасымда жүрші
бірге,

Құлақ
тосып тұңғиық тылсым үнге!

Тау
басынан қарайық дүниеге -

Күліп
тұрып бүгін де, бүрсүгін де.

Қақымыз
жоқ жабығып,
күрсінуге!

Журші,
тауға шығайық, жүрші бірге!

Кеудемізді
ақ самал - салқынға ашып,

Қайтайықшы
көңілдің мауқын басып?!.

Мәртебеңді
мың есе көтеретін -

Шың
басына шығуға - әркім ғашық!

Әнімізді
ақ басты - тау тыңдасын,

Қайтайықшы,
көңілдің мауқын басып?!

Жүрші,
тауға шығайық, жүрші, гүлім,

Бірі
өзіңсің - ақ қайың бүршігінің!

Мәңгі
көктеп
қасымда тұршы
бүгін..."

Өсірейік
өмірдің бір шыбығын!..

...Алпыста
да іңкәр ғып қойдың гүлге,

Қызықсың-ау,
қайран сен,
Тіршілігім!

Қазақтың
жерінен келіп,

Бас
қостық сәтті күнде.

Сырласып,
серуендедік,

Неваның
- ақ түнінде!

Аралап
қызықтадық,

Көрмеген
бақты мүлде.

Айдынға
жүзіп те алдық,

Неваның
- ақ түнінде!

Жапырақ
сыбдыр қағып,

Сыр
ашып жатты гүлге.

Ән
салып, жыр жырладық.

Неваның
- ақ түнінде!

Қос
аққу сұңқылдасып,

Қанатын
қақты бірге.

Біз
жүрдік сыр тыңдасып,

Неваның
- ақ түнінде!

Бір
мезет тыныстадық,

Қайыңның
нақ түбінде.

Шоршыды
күміс балық,

Неваның
- ақ түнінде!

Сезімге
бойлап кіріп,

Неваның
- ақ түнінде

Өткіздік
ойнап-күліп,

Көңілді
шақты бірге!

Қойсаң
да өзіңді-өзің гүлге бөлеп,

Жалғыздық
бұл
өмірде кімге керек?!

Тағдырың
бұғып жатқан қаңбақ сынды,

Жел
үрсе - домалайтын шыр-көбелек!

Болғанша
тұғырыңа таңдап қонып,

Кетеді
ол қапияда алдап соғып.

Жалғыздық
бұл өмірде кімге керек,

Қаңғыған
айдалада - қаңбақ болып?!

Берем
десе, тағдырдың сыйы кем бе,

Жүру
де бір ғанибет - сиып елге!

Сол
арқылы жұбатам мен өзімді, -

Жүрегімнің
жырымен, күйімен де!..

Кейде
өмірдің өзіне сүйінем де,

Жыр
жазамын шабытпен дүйім елге.

Бір
нәрсеге кенеттен

Түйілем
бе? -

Бір
нәрсеге себеппен

Күйінем
бе? -

Кетіп
қалам жалма-жан

Киінем де!..