ВЕРНУТЬСЯ

     Қуаныш
пен төккен шаттық күлкімді,

Ұмытпаспын,
бәлкім мен де бұл
күнді

Самарқанға
жеткен кезде,

Оқыс
бір

Бұла-сезім
көкірегімде
бұлқынды...

Бұлқынды
да, жүрек тулап жұлқынды,

Сезім
де - өрт!

Қайтіп
басам шіркінді?!

Самарқанның
айнамкөзін көргенде,

Есім
шығып кетті менің бір түрлі.

Бойды
билеп бір құдірет
сиқырлы,

Келтірмеді түнге
қарай ұйқымды.

Жүрегіме
кетті ме, әлде от тастап,

Самарқанның
сұлулары сиқырлы?!

Гүлзухра
сөйлей түсіп, іркілді,

Жанарында
жасырынып сыр тұрды.

Сонда
маған қанат бітіп кеткендей,

Будақ-будақ
бұрқыраған
жыр туды!

Сезім
жатты өлең болып құйылып-,

Бар
сұлулық тартты өзіне
үйіріп.

Аты-шулы
Регистанға кірдім мен,

Жалаңтөстің
аруағына сиынып...

Самарқанға
жеткен күні

Бір
түрлі -        

Жан-дүнием
жасарды да, құлпырды!

Қыз
омырау қос күмбезден көз алмай

Оң
жағымда оттан ыстық...

Гүл тұрды...