ВЕРНУТЬСЯ

     -      Кімге жетер бұл ғұмыр?

Даусы
сәл-пәл қарлығып,

Өлең
оқып тұрды, бір -

Автобуста
саржігіт.

Қайталады
әлгісін:

-      Ғұмыр деген немене?

Сері
- көңіл,

Сал
- кісің

Өлем
десең сене ме?! -

Деді-дағы
күлімдеп,

Қызға
қарап тал мүсін:

-      Қолың бос па бүгін? - деп,

Бүгіп
қалды арғысын...

Сол-ақ
екен бір жігіт

Килікті
де ортаға -

Кетті
дейсің дүрлігіп,

Ақын
бірақ қорқа ма?

-      Бала! - деді ақырын:

Байқа,
бала, абайла!

Қазақ
сүйген ақынын,

Шаң
жуытпай Абайға!

Мен
де соның бірімін,

Танысалық
- Кеңшілік!

Жүректің
бас дірілін,

Жараспайды
ерсілік...

Кешіре
сал, қол ал да,

Неге
қажет қызғаныш?!

Жылытайық
одан да,

Бара
жатыр мұздап іш!

Осы
сөзді айтты да,

Ыңғайланды
ол түсуге.

Райынан
қайтты ма,

Кетті
ме әлде ішінде?

Түс
ауған шақ, кешкілік:

"Қайталық,
-деп, сорпалап",

Бара
жатты бес жігіт

Кеңшілікті
ортаға ап.

-      Қандай қиын тіршілік!

Қасын
керіп ол енді -

Дем
алды да күрсініп,

Өлең
оқи жөнелді:

"Еркелігіңді
біреу есерлік дей ме,

Өзіңе
сену өзіңе кесел жүктей
ме?

Ығына
қарай уақыттың иіле берсе,

Біреулер
соны заманға төселдік дей
ме?

Заманға
менің өкпем жоқ, қоғамға тағы.

Өкпенің
бәрін таңбаймын адамға тағы.

Жеңе
алмай жүрген өз-өзін мен бе екен жалғыз

Білмейді-ау
жастар, сол мені алаңдатады.

Өзімді-өзім
жеңе алмай жүрген бір кезім,

іздеймін
кейде мен сендей күндердің өзін

Өзімді-өзім
жеңемін! Өлемін бір күн

Өлтіре
жаздап жүр мені құрғыр
мінезім!

-      Жазасың-ау.

Жазғандарың
- құр еңбек!

Ақынмын,
- деп мақтану да -

Ерсілік!..

Бірер
күнде
Қостанайға жүрем
деп,

Ара-тұра айтып тұрды Кеңшілік...