ВЕРНУТЬСЯ

      (Жұбанға
еліктеп)

Халайық,
жөн сұрасаң:

-      Мен қазақпын!

Тартпаймын
тауқыметін енді азаптың.

"Қазақ"
деп енші беріп,

Айдар
тақты

Туды
да шұғылалы ең ғажап күн!

Жаңарды
отау тігіп, қайта бәрі

Көресің,
сараласаң байқап
әрі.

Елінің
елдігі мен ерлік ісін,

Ақ
жарып ақын ғана айта алады!

Мен
еркін:

-      Қазақпын! - деп мақтана алам,

Ол
үшін
қара күйе жақпа маған!

Бұл
сөзді жүрегіме дарытқан-ды,

Өзінің
ақ сүтімен аппақ анам.

Мен
бүгін

Туған
жерден бақ таба алам,

Қарсы
дау айта алмайды

жат
та маған!

Тегінен
азғын ғана безеді тек

Ақ
сүтін анасының ақтамаған...

Мақтансам,
кешір өзің, сүйген Елім,

Толтырдың
көкірегімді күйге менің.

Жасырмай,

жалтақтамай
сөйлеуді де,

Сен
берген Алтын Заңнан үйренемін!

Жақсыны,

жаманды
да көрді көзім,

Жасқанбай
сыр айтатын келді кезім.

Адамдық
құқым
менен міндетімді

Айқындап
Алтын Заңда бердің өзің!

Елім
бар желбіреткен даңқ Туын,

Ұл-қызы
жер жүзіне
танытты үнін.

Есімі
- Қазақстан!

Өскен
өлке -

Осындай қазақ деген халық бүгін!