ВЕРНУТЬСЯ

     Күндер еді ол: көпшілігі -

Қатарымның
ес білген,

Сол
кезеңнің жоқшылығын

Солармен
бір кештім мен!

Аш
болдым деп жыламадым,

Қолым
жайып бірақ та,

Киім-кешек
сұрамадым -

Көмектес
деп ешкімнен.

Туды
дейсің таршылықты,

Тірлігінен
тілеп кім?!

Жеңемін
деп қарсылықты,

Қайсарлықпен
күнелттім.

Мойын
ұсынып
бағынбадым

Тәлкегіне
тағдырдың,

Жанған
оттай жалындадым,

Бұйрығымен
Жүректің!

Өмір
-тірлік, арпалысты

Дейді
ме әлде жастай ұқ!

Ажал
- отқа ар табысты...

Соғыс
бұған - басты айып!

Құрту
үшін талқан етіп,

Жауды
өзінің
көрінде

Намысымды
- қалқан етіп,

Қарсы тұрдым қасқайып!

Ерте
жұлдым
гүл-бағымды,

Азап-бейнет
шектім де,

Достарыммен
тылға кірдім,

Жауға
деген кекті үнмен.

Жүрегімнің
бар қызуын

Снаряд
қып септім де,

Бала
күннің бал қызығын

Отқа жағып кеттім мен...