ВЕРНУТЬСЯ

     Реті
жоқ - жаспын деуге жас емен,

Жас
қырықтан асып
кетті мәселен!

Бірде
маған сырын ашты, аға боп,

Көпті
көрген көне құлақ Тасемен:

-      Дүниеде сырттан айтқан сөз
жаман

Бұл
әрине, өз
пікірім, өз бағам!

"Қыр
аспайды, - дейді қазақ, - қырқында,

Отызында
өз
тобынан озбаған..."

Біреулер
бар:

Олар
сені мақтайды,

"Жақсы
екен" - деп жырыңды да жаттайды.

Менше
солар сеніміңді ақтайды,

Менше
солар сені жауға сатпайды.

Біреулер
бар:

Олар
сені сыйлайды,

Жамандыққа
ешқайсы да қимайды.

Ал
осындай тірегі бар жігіттің,

Шырқап
шығып кетпейтіні қинайды?!

Осылай
деп бір қарады Тасемен:

-      Күдіктенбе!

Мен
де досың!

Қас
емен!

-      Досым болсаң, тыңда мені ендеше,

Жауың
сенің емеспін ғой, бәсе мен:

Дұрыс
айттың!

(Олар
көзге
мақтайды.

Жені
келсе сөзімді
де жақтайды...)

Бірақ,
бірақ мен осыған сенбеймін,

Дос
боп жүріп, бір қулығын сақтайды!

Дұрыс
айттың!

(Олар
мені сыйлайды,

Жамандыққа
ешқайсы да қимайды...)

Бірақ,
бірақ күліп тұрып
қасыңда,

Шыға
бере алдайтыны қинайды!

Мықты
адамдар мұқатуды білмейді,

Мықты
адамдар күншілдікті сүймейді.

Өз
күшіне сенбейтіндер күндейді,

Бірақ
олар бірте-бірте сирейді.

Екіжүзге
досын сату - бас қайғы

Бірақ
ол да орта жолдан аспайды!

Өмір-
толқын.

Сатқындарды
сүйреп кеп,

Жағалаудан
бір шығарып тастайды.

Күншілдерге
күңкілсіз сәт - көп қайғы,

Оны
да өмір асықпасаң соттайды...

Сол
арқылы -өсекшілдер
өледі,

Сол
арқылы - өтірік айту тоқтайды!

Сонда
барып мен де тыныш, жай табам,

Сонда
барып жарқ етемін қайтадан!

Бұ
өмірде тоғышарлар құрыса

Бар
жамандық құриды
деп  айта  алам!

-      Дұрыс, інім!

Сырттан
айтқан сөз жаман!

Енді
қайтып ол туралы қозғаман.

Жарысқанның
бәрін артқа таста да,

Отыз
түгіл, жүзіңде де оз маған.

Болар
сонда достарыңның бәрі мәз,

Іші
күйсін дұшпаныңның - дарыны аз!

Ақын
болсаң азамат та бола біл,

Жолдасына - жаны жомарт, жаны жаз!!