ВЕРНУТЬСЯ

     Жеті
өзен барын білгенмін,

Үлкені
соның - Қаратал.

Жігітін
көрдім
бұл жердің,

Секілді
кілең нар-атан!

Өзенге
- елде өкпе жоқ,

Суына
өскен
шомылып.

Жағасы
қалың көк терек,

Қаратал
депті соны жұрт.

Недесе,
мейлі, о десін,

Қадірін
судың таныған.

Байлықты
тұнған көресің

Осынау
өзен маңынан.

Қаратал
- шаруа мекені,

Қаптаған
жұмыс қолы бар.

Балық
та мұнда жетеді,

Жағасы
- жайлау толы мал.

Науқанды
шақта дүбірлеп,

Еңбектің
қызған майданы.

Шығатын
алдан күлімдеп,

Адамы
неткен жайдары!

Көрсем
деп бұрын асыққан,

Көңілім
толды менің де.

Шабыттың
нұрын тасытқан,

Жігіттер
жақсы-ау, тегінде.

Қызық
қой өлке
көрмеген,

Жақсының
ерте, кеші не?!

Қаратал
бойын өрлеп ем,

Ақ Жайық түсті есіме...

Мұның
да бойы ен тоғай,

Ел
қондырған жағалай.

Су
бар жерде - өлке бай,

Ну
бар жерде - дала бай.

Оранған
жасыл орманмен,

Қаратал
деген мекен бұл:

Өзені
"қара" болғанмен,

Жандары жарқын екен бір!