ВЕРНУТЬСЯ

                          ІТалшыбық тас астында майысады,Қабырғам соны көріп қайысады.Көтеріп заңғар тасты иығымен,Қатыгез тағдырымен сайысады. Тау шөксе кім астында иленбейді,Талшыбық тас астында имеңдейді.Ауызыңнан аһ дегенде жалын шықса,Қысастың қызыл тілі сүйреңдейді... Ойлайсың таудың басын тандыр ма деп,Ойлайсың көшкен бұлтты жаңбыр  ма деп.Құдай-ау,құдай болсаң талшыбықты,Тілеймін әңгімеңе қалдырма деп.         Шығарып жаңа тамыр қапталынан,Қуат бер қара жердің қатпарынан!Қасында бірдеңелер қылтияды,Көз сүзіп қия таудың жақпарынан... Тауларды көктемеде мүк басады,Қауым ел қара нарға жүк басады.Құм басында көгерсе бір сексеуіл,Біреулер саясында ықтасады.Өмірде өжет қанша,озбыр қанша,Соны жаз қиындықты сөз қылғанша.Тал құсап тамырлай бер,тамырлай бер,Табанын қара тастың тоздырғанша!.. Мен дағы тас көтердім бір адамша,Бір тауды үңгіледім құлағанша.Тастарды айналдырдым топыраққа,Біреуге тас сияқты жылағанша!.. Отырмын бұл қысастық тоқтай ма деп,Мылтығын және құзғын оқтай ма деп.Еңіреп мен өлгенде толы қазақ,Әйтпесе бір оңбаған боқтай ма деп!..                          ІІҚайғының табы жатыр қатпарымда,Азабым сәулеленді хаттарымда.Иекте шырқырадым жан барында,Астымда қамшыладым ат барында. Айырылсам ақыл-естен білмеспін деп,Мөрледім есім түзу шақтарымда.Ел мен жұрт  ақиқатқа бір келеді,Жерде жан,анау көкте Һақ барында!.. Жұлдызға жұлдызым бар жанасатын,Кірпішке кірпішім бар қаласатын.Соңында  өлең жаздым әйелдерге,Еркектен адам таппай қарасатын!..                          ІІІ Шыңғырдым!Шыңғырмауға амалым жоқ.Қол созар балқаймаққа каналым жоқ.Сен бүгін әйел емес, періштесің,Менімен атыңды айтқан хабарың жоқ. Қаптаған қара құзғын төңірегім,Шындықтың тұла бойы өрім-өрім.Сен менің атымды бір айтпағасын,Мен сенің атыңды айтып еңіредім!.. Бір ақын шығу керек елден бүгін,Өзіме қарсы кеп тұр мергендігім.Мен саған дәлелдеймін көз алдыңда,Мұқағалидың қалайша өлгендігін!.. Мен жырдың жаратпаймын қолдан бірін,Бір гүлдің тілемеймін солғандығын.Мен саған дәлелдеймін көз алдыңда,Абайдың қалай мола болғандығын!..Пушкиннің Дантеспенен атысқанын,Махамбетпен Жәңгірдің шатысқанын.Көзге түскен дарынды қырқып,қиып,Базарға өтетінін сатысқанын.Сайтанменен құзғынның мәмілелесіп,Білдірмей ор қазуға қатысқанын.Жақсысын бар қазақтың өлтіріп боп,Мадақтап ең соңында жатысқанын!.. Дүниенің бұрыннан да жалғандығын,Хақ әкеп соны басқа салғандығын.Алдыңғылар етін жеп Қалыбайдың,Сорпасы соңғыларға қалғандығын!..                           ІVШабады қара құзғын пайдасына,Шайтанның құрық жетпес айласына.Ұмтылған айтармын деп,Тәңірім-ау,Сен кеттің таразының қай басына?!. Сөзіңді Құдай болсаң шаймалама,Көгіңнен жұлдыз болсаң тайғанама.Алдымнан қайда барсам мола шығып,Барамын жалғыз қашып айдалаға!..                             15.ХІІ.2005 жыл