ВЕРНУТЬСЯ

ҰлымаКөптен бері тамыр жайлы ойланам,Тармақ-тармақ тамыр сынды айналам.Тау мен тасты, мұхит, өзен, көлдердіЖаратушы әр қазаққа «байлаған». Жердің өзін әуе кеңістігіне,Көзге түспес магнитпен жалғаған.Күн мен айдың, жарқыраған жұлдыздыңТарту күшін ғылым талай барлаған. Біз де солай, бір Аллаға бағынған,Нәр аламыз қазақ деген тамырдан.Арадағы тіннің бірі сыр берсе,Жан болармыз қалыбынан жаңылған. Адам екеш мына тұрған бәйтерек,Қурағанда орнын басар тал-терек,Олар дағы бір тамырмен жалғасқан,Уақыт өте кәрі жаспен алмасқан. Тамырыңда намысқойлық, тектілік,Оған жалғас бабаларда көп білік.Ал, оларша тіл мен ділде күрмелу –Жетесізге сай келетін жат қылық. Қазақта ғой пәлсапасы өмірдің,Аталы сөз мұңын аулар көңілдің,Лұғаты фәнименен бақидыңШежіресі арғы шыққан тегіңнің. Қазағымның мақалы мен мәтелі,Зейін қойсаң жүрекке анық жетері,Дүние, байлық, айтқанындай, баянсыз,Бес күн тірлік, рас жалған екені. Қазақ деген ұлы халық тамырың,Бұл жөнінде баурамасын тар ұғым.Тарихың мен ғибрат сөзін көненіңШын ұғынсаң өсер еді танымың. Өзіңе олжа, шетел асып көргенің,Артық емес жан-жақты өсіп-өнгенің.Дегенменен, тұғырыңды нықтамай,Түсіп кетпе ауанына өзгенің. Ұтары анық ата жолын қош көрген.Өз ел-жұртың осал емес еш жерден.Тамырынан ажыраған тең болар,Дүниеге келе салып өшкенмен.Жеті тіл біл, үйрен небір ғылымды,Шама жетсе әлемге төк нұрыңды.Бірақ дағы тексіздікке салынып,Ажырама тамырыңнан бұрынғы. Ғұлама бол көп аузынан түспеген,Керемет бол, үлкен істі істеген.Тамырыңнан ажырасаң түбінде,Сен боларсың бармағыңды тістеген. Мұны саған айтты деме бекерге,Кейбіреулер құмар қазір шетелге.Өз елінде, туған халқың алдындаКірісе біл парызыңды өтеуге. Қиындық көп алға қадам бастасаң,Әділет деп түсерсің-ау, отқа сан.Бірақ, ұлым, қандай күйде жүрсең де,Тамырыңнан ажырама ешқашан!..