ВЕРНУТЬСЯ

         Шаттанасың,
шарпысасың,

Сан қызыққа
батасың,

Айтысасың, тартысасың,

Ит татпасты татасың;

Шыға қалса кім айдынға,

Көзбен, сөзбен атасың.

Тағдырдың да, құдайдың
да

Шығарасың «қатасын»;

Масайрайсың, мастанасың,

Бір-біріңді сатасың,

Жар құшағын
жастанасың,

Көрердей боп опасын,

Заман мынау - кәпір түрі,

Төккен жәбір-жапасын.

Айналып кеп ақыр түбі

Tap қуыста жатасың.

Мен
бақытты адамға қызықпаймын,

Жұлдызымды жатса да үзіп қайғым.

Өміріме қарасам -

өгізі мен

соқасына сенетін мұжықтаймын.

Қызғанбаймын басқаның бақытын мен,

өңмендеумен өтуге уақытым кем.

Тіршіліктің тамырын түптесем де,

Телмірмеймін алам деп ақы кімнен.

Өмірімнің өткізіп қанша көшін,

Заманымның көргенде әуселесін,

Балға - басты

Ұрғанмен
тау мен тасқа

Түзетермін қисайған қай шегесін?

Арбағанмен көзімді басқа қала,

Ауылымды аңсаймын астанада.

Цирктегі

Жолбарыс секілденіп

Ораламын кейде мен баспанама.

Бақыттылар өмірде табылады,

Сол қиялды қумасам неғылады?

Күшті қолда көк шыбық жарқ еткенде,

Найзағайды

Жолбарыс сағынады...