ВЕРНУТЬСЯ

«Адай көтерілісінен бұрын даМаңғыстауда Қощанов Құрмаш (Тоқабай)», Оразбаев Естұрған, Өмірбаев Айзақ Ұйымдастырған қарулы топ 1922 жылдан беріКеңес Үкіметін орнықтыруға орасан зор кедергі келтірді».                        «А қ и қ ат» журналы, 1993 ж. «Бұл Кеңесің әділ үкімет болса,біздің есемізді түгендер берсін.Онсыз менің Кеңес Үкіметімен келісімге келуім қиын. Бастығыңасәлем айт. Еруліге қарулы іздемесін». Тоқабай Құрмаштың 1929 жылы Кеңес Үкіметінің атынан келген елшіге айтқан жауабынан.                                   Ә.Спанов.«Тоқабай Құрмаш», 1994.  Талқаны шыққыр тас түнді,Жарық күн,кел де пәршала!Өштескен қанша қашқынды,Өлтірдің, Кеңес, ал, сана! Біз еідк қалған солардан,Бітіспес оймен – түбі игі.Солаврдан қалған құба арлан,Иесін жоқтап ұлиды. Дабыраң қайда?Кеудесі керік ту қайда –қып-қызыл сөзбен желбеңдер?Түсіңде сеніҰрандап тұра қумай ма,Тоқабай Құрмаш өлген жер?Қанша арыс кетті ақтаңгер,Айтшы бір жауап,қайғыдан беті қатқан жер.Қызыл әскерге таба қылман деп,ҚаңғабайҚұрмаштай досынөз қолыменен атқан жер. Өз қолыменен......Құрмаштың өзі бұйырды,Қызыл әскерің таң қалып,шошына тілден тиылды.Қара жерге де,саф ауаға да сіңе алмай,сол оқтың даусы,кезіп жүр әлі қиырды. Кезіп жүр әлі.Қабылдамады дала, бел,Тауға да барып жалынып көрді:- Ала гөр!Жетпіс жыл өтті,Маңғыстау деген далада,доп қылып енді,теуіп жүр оны бала-жел. Мәрттігіңді солайқай сап тұрып айтуға,жүріп кете алмай тас жатыр,кеуіп кете алмай жас та тұр,қаһарлы Кеңес заңына,қырық кісіменқарсы да шапқан хас батыр!Ез емес еді ол,Үрке қашатын үргелек,Соны айтамын деп,жығылып-тұрып,жете алмай жүрген бір дерек,жеттің-ау ақыр,шылбырыңды ұстап қолыңа,мына заманға,отырған қасын сүрмелеп. Шылбырыңды ұстап..Жирен ат қайда қалды екен?Құшақтап оны жылар ед мына зар мекен.«Шұқыр ойдағы»Құрмаштың қара бейіті,қалқайтып қана,қандай арыстар салды екен? Желмая болып желген күн,Есіктен кіріп, тағы да, міне, төрге ендің.Құрмаш батырың –құба арлан ерткенері еді нағыз ерлердің. Жеткен күн бүгінтаң болып атып түн соңы,Ояныңдаршы, ұйықтап бір кеткен үн соны....Баяғы оқ даусы,Қаңғып жүр әлі өле алмай,Мәрттікке қарап оқ атпас болар,Біл соны!