ВЕРНУТЬСЯ

           Торғай, сенің
кішкене өзенің

Маған мұхит секілді,

Әлде сенде
туғандықтан ба екен?

Торғай, сенің
кішкене көбелегің

Маған самолет
секілді,

Әлде балалықты
көп қуғандықтан ба екен?

Торғай,

сенің
қисық-қисық көшелерің

Маған түзу
секілді,

Әлде көп
жүргендіктен бе екен?

Торғай, сенен бұл дүниеде

Маған артык жер
жоқ секілді,

Әлде қадіріңді
білгендікпен бе екен?