ВЕРНУТЬСЯ

    О, Тәңірім!
Тағдырыма ырзамын,

Егіп бердің жүрегіме жыр назын.

Тілдеседі табиғатпен жан-тәнім,

Жеті мүшем сезіп тірлік ырғағын.

...Балбырауын бойжеткеннің албырап,

Баламайсаң, сыбдыр-сыбыр, бал құрақ...

...Heгe, неге бүр жармаған "ана-тал",

Тоны тозық, өңі солып, салбырап...

Гүлге бөккен дархан мына даланы-ай!..

Өмір қайнап жатқан мына қаланы-ай!..

...Жайраң жаздың сонша сәнін кетіріп,

Жүрген ана боқтық шұқып "шаланы-ай"...

Жер бесікті өлдилейді жаз тербеп,

Көк күмбезін бара жатыр саз кернеп.

...Неден шошып шыр-шыр етті бозторғай,

Әлде сезім секемшіл ме, наз-сергек?..

Жаз жанарын бүгін, әттең, бұлт басқан,

Тас бүркеніп, жыламсырап жатты аспан.

...Қаламым да тайпалмайды жорғаша,

Жазып тастар шағы болды жұрт дастан.

..."Байғыз-ақын", танды солай атырсын,

Жаза алса ғой таңдайыңа татыр, шын...

...Әттең, әттең... тасып болған сүттей боп,

Шабыт неге қайтып бара жатырсың?..

Ақтау, 2.05.2002 ж.