ВЕРНУТЬСЯ

     Көрінеді

Орманнан

Түбірлер.

Айрылған

Аяқ-қолдардан

Түбірлер.

Мүгедек солдат
секілді

Түбірлер.

Оқ жұлғандай етімді,

Жүрегім тулап
дүбірлер,

Кезеріп ернім
күбірлер.

«Соғыс не?!

Менен біліңдер», -

Деп тұрғандай түбірлер.