ВЕРНУТЬСЯ

Мейлі сана наданға,Мейлі теңе жаманына одан да.Туған күн де, өлген күнде біреу-ақ,Адамда.Жөн-ау деймін мәнді ұққан,Деңдер мейлі: «болдық таң».Мен өзімТуған күнді тойламаймын сондықтан.Қарашы!Мол болатын қуанышы, жарасы.Ғұмыр деген -Туған күн мен өлген күннің арасы.Ана болған талайларға бұл мекен,Мекенімді жеткенше әлім гүлдетем.Туған күнді тойлай берсін тойлайтын,Ал өзім-Бір келем де,  дүниеден бір кетем.