ВЕРНУТЬСЯ

      Көп ай бойы
дағдыланған

Қан жорыққа тұлпарым.

Кесе келген
қарғып жалдан,

Шықты үстіне
қырқаның.

Қара жолға қан
төгіліп,

Күреңденіп қалды
із.

Жалт бұрылып жау шегініп,

Жатты ашық
алдымыз.

Шіркін, тұлпар көсіле алмай,

Тұрып еді байлауда.

Бүгін тұңғыш ерік тиіп,

Шыққандай бір
сайранға.

Туды еркін шат
күндері,

Қонды жеңіс құсы кеп.

Құйындатып тартты ілгері,

Желге қарап
кісінеп.

Қызыл жыңғыл
бойында

Күздігүні
туыппын.

Буырқана тұрыпты

Қара жаңбыр құйып күн.

Киіз үйдің
ішінде

Жедпілдепті
жөргегім.

Жел үрлепті
даланың

Бетегелі
белдерін.

Бал көмейлі
әншілер

Ағызыпты ән бұлағын.

Азанымен өлеңнің

Ашылыпты құлағым

Осынау байтақ
далаға

Өрнек салып
өлеңмен -

Содан бері жыр
шырқап,

Өмірді өрлеп
келем мен.