ВЕРНУТЬСЯ

          Қолатты тұман тұмшалап алды,

Аспан да мұнар құрсана
қалды.

Жөңкіле шапқан үйірге қарай

Жусанның иісі бусана барды.

Көз енді көрсе елесті көрді,

Сана да кенет көмескіленді.

Тұманда дүние адасқандай боп,

Жасырды мұнар белесті, белді.

Түскендей зердең қиын қакпанға,

Осылай кейде миың қатқанда,

Жалына аттың жабыса кетіп,

He жетсін желмен құйындатқанға!

Көзіңнің жасы тиылмай парлап,

Елес боп маңды шиырлай шарлап,

Сәулелі жаққа кетсең-ау сіңіп,

Ізің де жерге бұйырмай самғап.

Сұп-суық ауа сібірлеп сәтте,

Сұп-суық тамшы дірілдеп бетте,

Шығыстан біреу қарсы ұшты маған,

От ұстап қолға, күлімдеп көкте.

«Сенбісің?» - дедім тұманнан сұрап,

«Жарық қыл» - деді үн алдан бірақ.

Қарғыды атым, айрылдым жалдан,

Шыңғырдым сонда тұра алмай құлап...

Өткенше ырзамын,
өмір, сенің,

Тірі қалды өзіңде
небір сөзім.

Әр тозаңда сен енді жарқырайсың,

шуағымен шырқаудан төгілсе күн.

Сенің мәнің мәңгілік жаңғыруда,

Құрт-кұмырсқа, қар мен мұз - барлығында.

Күн жебесі күйдірген қолдар бүгін

Тереңдерден сөз қазьш қалдыруда.

Махаббатта - бірлік бар,

Жерде - рақым,

Құйып өткен жаңбырдан ән қалатын.

Мендік мақсат -

Тоқмейіл тіршілікті

Өткір жырмен өртеуге арналатын.

Аспанды да, кұсты
да, тамшыны да,

Айналдырам өлеңнің жан сырына.

Мен әр сөзді құямын оқ құйғандай

Сусындатып құрышты
таң шығына.

Өмір, сенде өлімнің таңбасы бар,

отты сөздер лапылдап алға асығар.

өлеңді әлі тазарта тусу керек,

тұтып калған тозаңы бар да шығар.

Бақ пен сорды кім екен ашып қарар,

Шындыққа кім жалғанды қосып бағар?

Тәттіге - тұз, тазаға - тозаң шашып,

Тасырлыққа кім екен машықтанар?

Тұтатқан кім сұмдықтың тамыздығын,

Іске асырып өзінің жауыздығын?

Жұртты азаптар сол оттың жарығында

Сезінетін жан бар ма парыз жүгін?

Әлде, бәрі бекер ме?

Асылы, әлі

Ақ көбігі шаттықтың шашылады.

Уақыт шіркін майшамдай таусылса да,

Балауызы

Сөз - мөр боп басылады...