ВЕРНУТЬСЯ

Уақыт жүйрiк.Не iстейтұғын мұршаң бар,Күн мен түндi есептейдi кiл сандар.Құйындарға аң-таң болып қарайды,Қыдыруға қолы тимей жусандар. Жусандардың iшкi iсiне кiрiспей,Құм жатады шаршап, тынған ұлы iстей.Бейнетқор да, адал құмырсқалардың,Iзi жатыр құмға түскен тiгiстей. Кейде нөсер жауады бiр төпеп кеп,Таңдамайды – тау үстi деп, етек деп.Шырмауықтар шырматылып тағдырға,Өзендер жүр бiрiн-бiрi жетектеп.Қара жолдар елсiздiкке айдалып,қаңбақтары жүгiруден бәйге алып.Шөл даланың ыстығына кепкендей,Күлкiлерiмумиеге айналып. Соның бәрiн. . .көңiлiммен шарлаймын,өмiр көшер шаттығына жалғай мұң.Өлеңiмнен көмек сұрай келедi,Теңiзге өзiн түсiндiре алмай құм. Сары құм-ай, қинайды өмiр сенi де,Не айта алам сенiң бұйрат белiңе?Адамдар да түсiнбейдi бiр-бiрiн,Мықты болсаң, түсiнiп көр менi де.