ВЕРНУТЬСЯ

Жалқысы  жоқ  күніміз, 
түніміздің.
Бақытымыз  сол  болғай 
түбі  біздің!
Бүгін  енді  арманшыл 
екеуміз  де
Тұтқыны  боп  тындық 
бір-біріміздің.
Ойлап  жатсын  енді 
оның  қалғанын  кім!
Ойлап  жатсын  дүниенің 
жалғанын  кім!
Тұтқынысың  сен - менің  сезімімнің,
Тұтқынымын  мен - сенің  арманыңның.
Тізе  бермей  кешегі-бүгінгіні,
Әркез  қайта  көбейтіп 
күлім  күнін,
Тұтқын  жандар,  әдетте, 
тырысады
Түсінуге  қалтқысыз  бірін-бірі.
Бір  ғажабы -
қос  жолды  қосқан 
бүгін,
(Құпиясы  жоқ  ешбір 
достан  мұның!)
Бұл  абақты - жалғыз-ақ,
қиналса  да,
Аңсамайтын  тұтқындар  бостандығын.