ВЕРНУТЬСЯ

    Қинадың-ау, Уайым, құтылмасым,

Тойынбай-ақ қойдың-ау "жұтыр" басым.

Елің мынау, дейсің ғой, қолын жайған,

Оңбай тағы мезгілден ұтылғасын.

Тіленгендер - қайыршы, арланар ма?..

Түсіп кетіп жүрмесін ар базарға...

Қанағат ет - бас азат, қол бұғаусыз,

Сыны шығар, Алланың, жар боларда...

...Сыны шығар, Алланың, жар боларда,

Басы сауда, жігітте зар болар ма?..

Қазтуғанның жоғалтқан бір тоқтысы

Мың болыпты, құралып, бар боларда...

...Ерікті елміз, көңілде сол қылаусыз,

Бастайықшы, ағайын, жолды даусыз.

Басқа қашан бақ қонған, мұнша шексіз,

Тәубә, тәубә... ел азат, қол бұғаусыз...