ВЕРНУТЬСЯ

Жалаңаяқ көшеменҰл көтеріп келе жатыр бір Ана,Нұр көтеріп келе жатыр бір Ана.Гүл көтеріп келе жатыр бір Ана.Жыр көтеріп келе жатыр бір Ана –Аңсағандай...сұрама,Талғақ паекен сірә да?!Бізге керек құрсағы еш құрғамайтын бұл Ана.Осы көрініс ерекше бір сала ма ой,Ару – жарым,Бауыр етім – бала ғой.Жанарында мейірім мен іңкәрлік,Өйткені ол –Ана ғой.Шәй көйлегі тал мүсінде жабысқан,Небір тағдыр кірпігіне тоғысқан.Талай ердің көз-құрты боп тәңір-ау,Неткен сұлу сәби емер омырау.Етегін де самал жел сәл желпіген,«Келініміз дәл осындай...» ел тілер,Жалаңаяқ ал аяғың, аяғың,Үлгермеген таранып та, боянып.Табиғилық қандай әсем аяулым,Қажеті жоқ, жасандылық бояудың.Бал қылықпен Еріне ерін сүйгізген,Ұл көтерген Анаға тіл тигізбең.Күн көтерген Анаға тіл тигізбең.Нұр көтерген Анаға тіл тигізбең.Гүл көтерген Анаға тіл тигізбең.Жыр көтерген Анаға тіл тигізбең!!!