ВЕРНУТЬСЯ

Ән дауысы шарықтап ала таңда,Бақыт құсы қоныпты алақанға.Айдын көлде қосылып егiз аққу,Екi бүршiк бiтiптi қара талға. Берiк болғай аттаған ақ босағаң,Бақ та саған осы үйде, тақ та саған!Қол жетпейтiн нәрсе жоқ мына әлемде,Тазалығын бойының сақтаса адам. Бақыт тойын тойлаңдар есiп-тасып,Қарлығаштай үйiңе несiп тасып.Шаттық - егiз шын сүйсең,қайғы - жарым,Бақыт өзi келедi есiктi ашып. Алып ұшар қос қанат қақса ғана,Жалғыздықта бұл өмiр жақсарама?Барлық тiлек бүгiнгi сендердiкi,Қонып жатқан тұғырға,АҚ ШАҒАЛА? Ел тiлегi Сiздерге аппақ-аппақ,Таусылмайтын кiтаптай ақ парақтап.Бүгiн бетi ашылған бұл кiтапты,Ендi екеуiң жазасың шатпалақтап.Шарықтай бер,АҚ ҚҰСТАР,Шалғып ұшқан,Қосылыңдар жүректер,талпынысқан.Бүкiл әлем жаралған қосылудан,Бүкiл әлем туылған тартылыстан! Бақытты шақ мына шақ,ұнамды шақ,Найзағайдай қақ бөлiп тұманды ұсақ.Алып ұшып кетiңдер ақ отауды,Анау аспан көгiне Қыран құсап. Махаббаттың нұрынан – жарық ақ таң,Тiршiлiктi махаббат жамыратқан.Бар iзгiлiк таралған мына әлемге,МАХАББАТПЕН тiктелген шаңырақтан! Жарық болсын онысыз қайдан аспан,Махаббатсыз жұлдыздар майдаласқан!Ақ отаудай жоқ бақыт бұл әлемде,Екi ғашық iшiнде аймаласқан!.. Екеу болса ән шығар шапалақтан,Өрiстеген адамзат шапағаттан.Шапағаттан тұрған соң,махаббаттан,Тәттi болған бұл өмiр шоколадтан!                           06.04.2003 жыл.