ВЕРНУТЬСЯ

Алдында Алтайдың асқақ армандары қол бұлғап, өлең өлкесіндеөзіндік өрнегімен танымал болған ақындарымыздың бірі - Ұлықбек Есдәулетов. Ол1954 жылы Зайсан ауданының Үлкен-Қаратал ауылында туып, М.Горький атындағықазақ орта мектебін бітірген. Біраз жылдар Шығыс Қазақстан облыстық"Коммунизм туы" (қазіргі "Дидар") газетінде қызмет істеді.1977 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистикафакультетінде, "Жазушы" баспасының поэзия редакциясында қызмет істеген.1983-1985 жылдары М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы жоғарғы әдебикурсты оқып, бітірген.Ұлықбектің ең алғашқы өлеңдері Республикалық мерзімдібаспаларда басылып көп ұзамай-ақ оның балауса жырлары кітаптан орын алды. 1974жылы бір топ жас ақындардың "Қанат қақты" атты топтама жинағышыққанда оған Ұ.Есдәулетовтің отыз шақты алғашқы өлеңдері кірген болатын. Бұлшығармалары жыр сүйер қауымның әділ бағасын алды да. Ұ.Есдәулетов "Жұлдызжарығы" (Жазушы, 1977); "Алтайдың алтын тамыры" (Жазушы, 1979);"Ұлыстың ұлы күні" (Жазушы, 1982); "Ақ керуен" (Жазушы,1985); "Жаратылыс" (Жазушы, 1989); "Жүректегі жарылыстар"(Жазушы, 1995) сынды өлеңдер жинағының авторы. Осының барлығы ақынның тыныссызеңбегінің жемісін көрсетеді. Ұлықбектің "Жұлдыз жарығы" атты жинағыөзінің қайталанбас ерекшелігімен қүнды. Оның әр өлеңінен табиғаттың түрлікөріністеріне жан бітірген шеберлікті сезесіз. "Қайың","Жаңбырлы таң", "Шығайықшы, тауға досым", сияқтыөлеңдерінде де көздің жауын алар айшықты көріністер, сыршыл ырғақтар көпкездеседі. Осы жинақтағы көңіл-күй, махаббат лирикалары, асқақ әуенге толыөлеңдер оқушы жүрегіне жылы жол табуы анық.Ақынның өлеңдерінде туған жерге, кір жуып кіндік кескенелге, дархан далаға, байтақ Отанға деген оттай өршіл махаббаты тайға таңбабасқандай айқын сезіледі, қуаныш құштарлығы байқалады."Туған үйімнің терезесінен,Қазақстан даласы көрінеді.Аспанда ақша бұлт керіледі.Ақша бұлтқа жолдаған сәлемім деп,Ошағымның түтіні өріледі" - деп ақын жырлағандай әрадамның ошағының түтіні cөнбегені қандай тамаша. Бұл "Перзент парызы"жыры да азаматтық пафосқа, туған елге деген ыстық ықыласқа құрылған.1986 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты-"Ақ керуен" жинағы Ұлықбекті жаңа бір қырынан танытты. Бұнда құбылысқырларына жіті көз тігіп, өмір, болмыс жайларына бойлай ену бар. Тақырыпмолшылығынан, көркемдік объект шашырыңқылығынан көп ретте "зардапшеккен" ақын бұл тұста жинақылана, тереңдей түскен. Сондықтан оның бұрынғыкітаптарынан да танылған ақындық бір қыры - ойшылдыққа, философиялық астарберуге ұмтылуы дендеп, творчествосының мәнді бір ерекшелігі алдыңғы қатарғашыққан. Оны біз "Жапырақтар жыры", "Адамның кейбір кездері"циклінен байқаймыз.   

Ұлықбек