ВЕРНУТЬСЯ

Ұнадым ба,жансәулем,ұнадым ба,Тек оңаша екеумiз мына құмда.Биiгiнде жұлдыз бар мына аспанның,Мына күннiң үмiт бар шуағында!.. Өңің түгiл жатасың ұйқыңда өсiп,Қинамайды құмынан қиқым көшiп.Қәуiп төнсе,бiздерге боз даланың,Бозторғайы шығады шүйкiлдесiп. Ұнадым ба,әйтеуiр,ұнадым ба,Өзiмнiң де күдiк бар сұрағымда.Қасиетiн  басының қадiр тұтқан,Өз елiнiң сыйлайды тымағын да!.. Қырмасам да жетiстiм кiшi арманға,Қалғанын да көрермiн күш алғанда...Телпегiмен ойнайтын ақымақ жоқ,Танылды деп есiмiм үш ауданға!.. Өлетiнi болады мұраның да,Өшетiнi болады шыраның да...Айғайлайды Асанның құлағында,Жүрген нәрсе Үсеннiң планында!.. Ұранымда туған ел,тұмарымда,Бауырым ерiп,келедi жылағым да.Айтатұғын сырыңды айғайлап айт,Тәмам елдiң отырмын...сынағында!..                        Қазан,2003 жыл.