ВЕРНУТЬСЯ

Құбылған дүние ұстатпас сағым ба жалған,«Жетінші» жаққа қараймын жадымда қалған.Жағасы жайлау, жымия жайдары күліп,Шығатын сынды Әлке ағам адымдап алдан. Бір кезде мынау жұртшылық ағыла барған,Жататын орын жұлдыздай жамырап арман.МТС-тен мұра дейтіндей ештеңе таппай,Күйзелдім көріп ауланы адыра қалған. Токарлық жұмыс  тетігін ұстаған ағам,Кезіңді тіпті білмеймін күстаналаған.Жұпыны бөлме жанданып Әлекем кірсеАлуан дыбыс самғайтын ұстаханадан. Кездескем алғаш сонда мен «кереметпенен»,Токарлық іске жан болмас, елең етпеген.Қара темірді тұратын қағаздай турап,Еңсесін тіктеп, етене Ережеппенен.Құлқы жоқ еді қашан да оның мансапқа,Тұрды екен қанша бұйымдар қолыңнан сапқа.Бұйрабас жанның шашындай шиыршықталып,Түсіп жататын темірлер жонылған шақта. Жанын ұғынып жансерік станогінің,Жасаған шақта болттардың нұсқа бөлігін.Қып-қызыл шоқты үрлейтін дауыл демімен,Есіме алғам әкемнің ұста көрігін. Ал мұнда от жоқ, беріпті орынын токқа,Өткеннің, алып тастапты-ау, өрімін ноқта.Сезініп сонда батырға семсер соққанын,Қайтесің көңілім, бабаның көрігін жоқта... ...Азамат тұтып әрдайым халқың мақтаған,Жан едің аға жүректі салқындатпаған.Қайтпайсың енді, мәңгілік мекеннен мұнда,Айтпайсың енді, сырыңды аңқылдап маған. Жетінші шахта. Боз төбе, бозаңның маңы,Осынша маған қымбат па ең озалдың мәні.Ұстахана мен Әлке ағам... тұрып алғандай,Көне сүгірет көлбеңдеп көз алдымдағы...