ВЕРНУТЬСЯ

(Су жыры) Суың бар ма, қарындас?!.Суың бар ма?!.Кетті сөлім мына күн қуырғанда.Қуырылған табада балықтаймын,Бір тамшылық алдыңда кұным бар ма?!. Қуырылған табада шұжықтаймын,Тартып алар қабыңды бұзықтаймын.Су бер маған, қарындас!У бер маған,Содан өзге нәрсеңе қызықпаймын!.. Тамшы керек жаныма!Тиыш керек!Жирентеді жанымды түйіскен ет.Білем сенің үйіңде нәрің барын,Тауып келдім қосыңды иіскелеп. Мына құдай өлтірді қақтап ғана,Сәл нәріңнен тамызшы ақ мақтаға!Сәл ызғарлап алайын көмейімді,Сығып алды сөлімді бетпақдала! Табысады адамзат осындайдан,Жол үстінде жолықты қосың қайдан?!.Машинемнің бензині түгесіліп,Жоян бола жаздады басым қайран! Суға қансам бойыма сөл келеді,Тіріледі сонымен өлген өлі.Аптап дала.Аңызақ. Аптап дала...Тыға жаздап қалды ғой көрге мені!.. Суға қансам... есіме қыз келеді,Ақын жыры, қарағым, мұзға өнеді!Мынау ағаң шөлдесін, шөлдемесін,Енді саған қайырылып жүз келеді!.. Қандай жақсы жол тапқан... адасқанда,Енді жұлдыз шығады ана аспанға!..Түседі еске сондағы шөлдегенім,Асқар-асқар таулардан... әрі асқанда!                                   29.VII.2000 жыл