ВЕРНУТЬСЯ

     Аса қадірлі Василий Владимирович!
   Біздің мектеп
жұмыстарымыз және губернатормен қырғый
қабақ болып жүргеніміз
күтпеген жерден оңға қарай бет алып отыр. Қостанайда болған кезінде ұлы мәртебелі
бастығымыз мені және уезд бастығын Николаевскі уезінде екі, Торғай уезінде бір,
Ырғыз уезінде бір және Елек уезінде
бір мектеп ашу жөнінде өзіне ұсыныс беріңіз деп асықтырып еді; онын үстіне, Қостанай орыс мектебіне каражат кемегі жөнінен де ұсыныс
енгізуге асықтырып еді. Мен мұның
бәрін де тез орындадым. Ол кісі
маған: Орынборға барысымен болыстық мектептерге үй жалдап алуға және оларды ұстауға сұралып отырған ақша мәселесін тез шешіп берейін деп уәде
берді. Ал бұл жобаның бәрін іс
жүзінде орындап шығу үшін мен, бұл жөніндегі бұйрықтардың келуіне карай, август
айының басында немесе ортасында облысты аралап қайтуға тиіспін.
, Ал Ұлы мәртебелі бастыктың берген уәделері орындалғанға
дейін мен Сізден, қымбатты Василий Владимирович, Ырғыздағы кыздар мектебіне бір
окытушы әйел тағайындап жіберуінізді сұрар едім. Өйткені, осы уакытқа дейін
Воронцовадан ешбір хабар жоқ. Ол, сірә, Ырғызға келгісі келмейді ғой деймін.
Бұл мектепті ашу үшін мен әрі кетсе августың орта шенінен қалмай Ырғызға барамын.
ЬІрғызда немесе августың аяғында Елек уезінде біз кездесе аламыз ба? Мен Сізге
бүкіл уезді аралатар едім, ал онан кейін Қостанайдағы менің үйіме келіп демалар
едік.
Ал егер маған хат жаза койсаңыз, онда ең әуелі, Қостанай
мектебіне каражат жәрдемін алу жайында попечительдің де өтініш жасауына
көмегіңізді тигізуіңізді, одан кейін осы жөнінде маған хабарлауыңызды өтінемін.
Евпраксия Васильевнаны аса құрметтейтінімді білдіремін.
Сізге шын берілген бағынышты пендеңіз И. АЛТЫНСАРИН.
1887 жыл, 10 июль.