ВЕРНУТЬСЯ

      Аса қадірлі Василий Владимирович!

    Сізге соңғы
хатымды жазғаннан кейін мен тағы да ауырып
қалдым. Бұл жолы бұрынғыдан
анағұрлым қатты ауырдым, жұрт мені жаны қалса болар еді деп қауіптенді.
Әлі де аурумын, ұйқым жоқ десем де болады, тамақ ішпеймін: жүрегімнің соғуы күшті, ентіге беремін. Троицкіден үшінші доктор шақыртқанымнан кейін,
қазір тәуірірексін деседі; ол маған 10 июльге дейін ішетін дәрі беріп кетті. Өзімді бір құдайға тапсырдым, тағдырда жазылғаннан
артық ештеңе болмайды ғой.

Сіздің
хатыңызды алдым, оныңызға үлкен рақмет. Егер тәуір болсам, август айының аяғынан бастап облысты барлап
қайтпақшымын. Ал егер Сіз август айының орта шенінде, не болмаса, 20 лары
шамасында бізге келсеңіз, онда біз Торғай, Ырғыз арқылы Орынборға дейін аралаған
болар едік.
Бұдан артық жаза алатын емеспін. Көргенше қош бо

лыңыз, қымбатты Василий
Владимирович.

Сізге шын көңілімен берілген
бағынышты пендеңіз

1889 жыл, 15 шонь

И. АЛТЫНСАРИН.