ВЕРНУТЬСЯ

    Аса қадірлі Василий Владимирович!
    Сізбен
соншалықты жолыққым келсе дағы, биылғы жылы ешбір кездесе алмай, талай рет опынып
қалдым: Сіз көктемде бізге келмекші
едіңіз, келе алмай қалдыңыз; Сізбен Орынборда
көрісемін ғой деп барып едім, менің
алдымда ғана кетіп қалыпсыз; ал мен Елек уезінен кетісімен Сіз сонда
келіпсіз. Осындай да өкінішті жағдайлар бола береді екен!
Сіздің маған
деген жалпы ықласыңыз үшін және биыл
меніде мектеп жұмыстарымның жақсы
жүріп жатқанына қуанатыныңызды білдіріп жазған хатыңыз үшін
шын ниетіммен рақмет айтамын.
Шыныида да, бұл жолы облыс бастығы маған жақсы ықылас көрсетті, қойған
мәселелерімнің бәрін мақұлдап, тез шешіп берді; мен, тіпті, өз құлағыма өзім сене алмадым; «үріккен қарға бұтадан қорқады» дегендей, мұның бәрі жақсылыққа көрінсе игі еді,
басқа бір астыртын ойлары жоқ гіа
екен деген ойға да келдім, Сөйтсе де, өзіме керекті рұқсаттарын алғаннан кейін «темірді қызған кезінде соқ»
дегендей, істі тез орындап тастадым. Сонымен, қазіргі ашылып отырған үш мектептің үстіне, декабрь айында
Николаевскі уезінен тағы да екі мектеп ашқалы отырмын. Әзірге олардың шаруашылык жабдықтары мен
оқу құралдары дайындалып жатыр.
Сіздің орыс
балалары үшін Ақтөбеге үшінші оқытушы тағайындағаныңыз өте жақсы болған екен;
өйткені, осы жылы қоныс аударып
келуші орыстар көбейіп жатыр, ал бұрын орыстар жок, бар болса аз болатын. Сондықтан,
мен Ақтөбеде тым болмаса ер балалар үшін бір класты орыс мектебін ашу жөнінде уезде, облыс бастықтарына қағаз да
жазып едім. Ал Қостанай халқы үшін мектеп ашу туралы мәселе әлі күнге
аяқталмай отыр.
Енді облыс
бастықтары жағынан істелетін істің бәрі істелді, оны осы почтамен попечительге
хабарлап отырмын. Бірақ мұнда
істі Ақтөбедегідей жүргізу мүмкін емес; өйткені, 20 мыңдай халқы бар жағдайда өзалдына
мектеп керек, мұнда 200-300, ал егер мүмкіндігі болатын болса 1 000 орыс оқушы
табылады, ал екі класты орыс-қазақ мектебіне қазірдің өзінде де орыс балалары
сыймай кетті. Оның үстіне, губернатордың қатты тапсыруы бойынша, олардың
жанынан қолөнері бөлімдерін де ашқалы отырмыз. Губернатордың айтқанына бұдан
былай қарсы шыға беруге де болмайды және бұл пайдасыз да іс емес.
Биылғы жылы әртүрлі жағдайлармен біздің мектептерімізде
көптеген оқытушылар ауыстырылды. Олардың Р. Ч-дан басқасының бәріне әзір ризамын.
Бұл бір есалаң, оңбаған адам екен; егер ол менен басқа біреуге кездессе, оны
әртүрлі қара істері үшін осы уақытқа дейін 30 рет сотқа берген болар еді.
Бірақ, оны қағаз жүзінде қаралап жату маған ұят қой; сондықтан, оны өзінің
өтініші бойынша қызметтен босатып жібердім. Оның үстіне, ол өзі де, мен оны
босатқысы келмейді, деп губернаторға шағым беріпті. Губернатордық мені жаратпайтынын
есіткеннен кейін, оған осындай шағым беруінің өзі жақсы іс емес қой. Тіпті,
ақыр аяғында, орнына баска кісі келген кезде, ол мектептің осы жаңа меңгерушісіне
өзбетімен ісін тапсырмапты. Оның қызметтен босатылуы жөнінде мектептің жаңа
меңгерушісіне емес, онын, езіне жазу керек еді деп дәлел айтыпты. Мен тіпті бұл
сияқты оңбаған, өзбетімен кеткен еркек туралы айта беруге де арланып отырмын.
Сіздің Бөрте мектебіне соға кете алатыныңызға қуанып
отырмын. Мектеп ашылған кезде мен онда екі тәулік болып, оқу жұмысын бастатып
жібердім. Бірақ оқытушы қазір жұмысын қалай жүргізіп жатқанын айта алмаймын.
Сіздің кеңесіңіз бен нұсқауыңыз оның жұмысының жемісті болуына себепкер болар
деп ойлаймын. Ол тек жалқау болмаса игі еді деп корқамын, тым кербездеу өзі -
Асауов, бұл жеңілтектіктің белгісі ғой.
Евпраксия Васильевнаға менің аса құрметтейтінімді білдіріңіз.
Балаларыңызға менен сәлем айтыңыз. Қалай болған күнде де көктемде Сізді Қостанайда көрермін және ез басым жөніндегі істеген
жақсылығыңыз үшін көзбе-көз шын жүрегімнен рақмет айтармын деп
сенемін...
Сізге шын берілген қызметшіңіз И.
АЛТЫНСАРИН.
1887 жыл, 27 ноябрь.
Қостанай.