ВЕРНУТЬСЯ

       Аса қадірлі Василий Владимирович!
     Ақтөбеден қайтып келгеннен кейін,
март айының орта шенінде және содан кейінгі
уакыттың бәрінде сырқаттау болып жүрдім де, апрель айының аяғында мүлдем жатып калдым, өкпем кайталап кабынып,
жүрегімнің соғуы күшейіп кетті. Қазір енді, құдайға шүкір, тағы да тәуір
болып келе жатырмын. Ал Сізден де ешбір хабарым жоқ,- амансыздар
ма, қымбатты Василий
Владимирович? Оның үстіне, оқытушылар мектебі жайындағы хаттарыммен Сізді
ренжітіп алған жоқ па екенмін деген ой да
менің мазамды кетіріп жүр. Егер ондай бірдеңе болған болса, ойланбай жазғаныма
кешірім өте көріңіз. Өзімнің шын берілген адамдарыма
осындай ойланбай жаза салушылық менде, кейде, шынында да, болып жүреді.
Енді тағы бір наразылык, яғни қазақ оқушыларының наразылығы,
Красноуфимскідегі ауыл шаруашылығы мектебінде де туып отырған көрінеді. Мұның
себебі: мұсылман дәстүрін мүлде елемеу, яғни шошқа етін асып беру, оқушыларға
шошқа бақтыру, орыс оқушыларымен бірге ғибадат еткізу деседі. Мұның бәрі де өте
ұнамсыз нәрсе ғой; сондықтан, әзір ештеңе бола қоймай тұрған кезінде сонда
барып, оқушыларды түсіндіріп, наразылықты жойғым келеді. Ал егер, қажет болған
жағдайда, директордың өзімен де сөйлескім келеді.
Көктем салқын. Қыс қазақтарға онша қолайлы болмады.
Шөптің тапшылығынан малдың өлім-жітімі де болды. Мектептеріміздің халі барлық
жерде де жақсы. Айтпақшы, егер маған хат жазуға уақытыңыз бола койса,
ЬІрғыздағы мектептің меңгерушісі етіп тағайындалған Тимофеевке (Қазандағы
Тимофеевтің баласына) жол шығынын беру туралы сұрануға правомның бар-жоғын
хабарлаңыз. Ол гимназияның алтыншы класын бі-
тірген, содан кейін қалалық және
уездік мектептің оқытушысы болуға емтихан ұстаған, одан кейін шокынған татарлар
мектебінің оқытушысы болған... Егер қазнадан жол шығынын сұрауға
болмайтын болса, ондай жағдайларда не істеу керек,- жәрдем сұрау керек пе? Бұдан артық жаза алар емеспін, колым талып отыр. Көргенше
қош болыңыз, қымбатты Василий Владимирович.
Евпраксия Васильевнаға менен жалынды сәлем айтыңыз.
Сізге берілген бағынышты пендеңіз
И. АЛТЫНСАРИН.
1889 жыл, 10 май.
Қостанай.