ВЕРНУТЬСЯ

     Аса құрметті Василий
Владимирович!
    Мен жуырда
Жаманқаладағы (Орскі) оқытушылар мектебіне Торғай мектебінен 6, Ырғыз мектебінен 5 окушы жібердім.
Ал Троицкіден әзір хабар ала алған жоқпын; одан да оқушылар жіберілген болу
керек деп ойлаймын. Онда жіберілген оқушылардың бәрі де өте жақсы және
ыждағатты балалар; сондықтан, аман-сау болса, олардан бір нәтиже шығар деп сенемін. Торғайдағы және Троицкідегі мектептен окытушылар мектебіне
жібер деп сұранушылар әлі де көп.
Бірақ Алексаадр Григорьевич Торғай
облысьшан 15 тен аргық бала жіберуге болмайды деп қойған соң, олардың тілегін орындай алмай отырмын. Торғай облысынан 15 адам деп
белгіленуінің себебі не екенін -білімеймін; алынатын 60 баланың тым болмаса
30-ы осы облыстан алынуы керек сияқты еді. Мүмкін, оқу орнының
жеткіліксіздігінен немесе екінші кластардың ашылмлғандығынан 60 баланың бәрі
бірдей әзір алынбайтын болар.
Алексей Григорьевичтің істі қолға ала
бастасымен-ақ менің қарауымдағы жанадан ғана қалыптасып келе жатқан мектеп құрылысына
тікелей қол сұға бастауы маған біраз өрескелдеу сияқты көрініп отыр. Ол жұмысты
менің оқушыларым мен оқытушыларымды (бұл дүииеде мең жоқтай-ақ) тікелей өзіне
шақырудан бастады. Оқытушыларға (Спиридонов иен Мозихимға) маған кел деп жеке хат
жаза бастады. Сөйтіп, бұрыннан да қалаға көшкісі келіп жүрген Торғайдың
Григорьевын да желіктіріп қойды. Егер оқытушылар мектебіне жақсы мұғалімдер
керек болатын болса, олар біздің мектептерімізге одан да бетер қажет емес пе?
Оның бержағында, қаладағы оқытушылар мектебіне қызметке барғысы келетін білімді
адамдарды әруақытта да тауып алуға болады, ал біздің мектептерімізге ондай
білімді адамдардың кез келуі өте қиын. Әрине, түсінбейтіндігінен деуге ғана
болады. Өзінің осы сыяқты тәжрибесіздігінен және дала мектептерінің жайын,
мүмкін, толық Алексей Григорьевичтід мұндай қылықтарын оның тек тәжрибесіз
істерімен, ол өзінің қадірін түсіріп ала ма және жұрттың көбі үгіт күтіп отырған
оқытушылар мектебінің маңызын кетіріп ала ма деп қорқамын. Мысалы, ұзынқұлақтан
Елек уезі Алексей Григорьевичке қазақ мектептерін басқара білетін сенімді адам
деп қарамайды деген хабарды есітіп отырмын (мұны мен керек бола қойса деп,
хатеріңізге салу үшін кеңесу ретінде өзіңізге ғана құпия түрде айтып отырмын). Осында
ашылатын қолөнері мектебін Яковлевтың атымен атау жайында не істеліп жатқанын
білмеймін. Маған губернатор: Халық ағарту министрі мұны мақұлдады, сөйтіп ол
Ішкі істер министрлігінің пікірін сұрады, ол да осьшы мақұлдап, губернатордан
Яковлев қазір уезд іначальнигі больга отыр ма, әлде отставкаға шығып кетті ме
деп сұрады, деп хабарлап еді. Мұның жауабы, меніңше, ноябрь айында, Яковлевтің
аттестациясымен бірге жіберілген сияқты еді, бірақ осыдан кейін ешбір хабар
болмай кетті. Қолөнер мектебіне үй сатып алынды 
(ол менің үйім) және ағаш шеберлігі құралдары, онымен қатар, бөрене,
ағаштар да алынды; алғашқы кезде жергілікті ағаш ұстасын пайдаланғалы отырмыз.
Бірақ
қалай болған күнде де, мектепті алдағы көктемде ашуға тура келеді.
Көптен бері Сізден ешбір хабарым жоқ; мүмкін, жазуға
қолыңыз тимей жүрген болар. Біздің жұмысымызға жаңа попечительдің қалай қарайтынын
білгім-ақ келеді. Сіз оның алдында өзіңіздің қолға алып жүрген бұратаналарды
оқыту жұмыс.ын жақтап, баскаша айтқанда, осы жұмысқа ол кісінің көңілін аударып
үлгірдіңіз бе? Жуырда мен кұрметті қамқоршыларға награда беру жайында ұсыныс
жасаған едім; мұны істеуге мен міндетті болдым, өйткені, мектепке жәрдем берген
қазақ бастықтардың мақтауынан дәме етеді; ал оның, басқаша айтқанда, қазақ
арасындағы беделді адамдарға награда берудің, сахарадағы қазақ мектептерінің
келешегі үшін те үлкен маңызы бар. Бұл жөнінде попечитель не дейді екен және
менің өтінішім жөнінде не істеліпті,- егер мүмкіндігі болса осы жайында хабар
бергеніңіз тәуір болар еді.
Биыл мен мектептерді әбден толық қарап шықтым; олпұл
кемшіліктерін бірігіп жөндедік; менің өз ойымша, бұл мектептеріміз қазір,
шындығында да, іс шығатын бағыт алып отыр ғой деп білемін.
Осымен хатымды аяқтайын, сау больщыз. Әйеліңізге менен дұғай сәлем.
Сізге шын берілген И. АЛТЫНСАРИН.
1883 жыл, 4 февраль.