ВЕРНУТЬСЯ

   Аса қадірлі Василий Владимирович!
  Сізді келе
жаткан жаңа жылмен кұттықтаймын және шьгн
жүрегімнен қайырымды Евпраксия Васильевна мен Сіздің бакытты болуыңызды, аман болуыңызды тілеймін. Сізді декабрь айының басына дейін
күтіп, осы.айдын жетісі күні Торғайға жүріп кеттім, Ырғызға барып қайттым, Ал
казір жылдық есеп жіберейін деп Торғайда отырмын. Сіздің жолынызды бөгеп және
Қостанайва бармай-ақ қойыңыз деп кеңес берген Яков Петрович картымызға мен өте
ренжіп отырмын. Сол сапарда Сіз Костанайға, одан әрі Орынборға да еркін жететін
едініз. Облысты аралап келгеніңізден кейін Сізді көру маған өте көңілді және
екі есе қажетті еді, біріншіден, Сіздің өз үйімде бір болғаныңызды шын тәуір
көріп едім; ал екіншіден, Торғай облысының мектептері туралы Сіздін пікіріңізді
өз құлағыммен естіп, олардың жұмысындағы кемшіліктерін біліп, бұл кемшіліктерді
жою жөнінде Сізден кенес алғым келіп еді. Бірақ кейде осындай жағымсыз мінезі
бар бұл шалға неғыларсың?.. Келесі жолы Қостанайға соғарсыз дрп сенемін; ал
мектептер жайында жаз шыға сөйлесерміз деп ойлаймын, өйткені, сол кезде мен
Ақтөбеге бармақпын.
Осы хатыммен бірге Сіздің көктемде жіберген 168
сом ақшаңызға алынған оқу кұралдары жайында екі колхат жіберіп отырмын. Сізге
бұрын да айтып едім ғой, Фаннын
кітап дүкені езінің жіберген үш
электр телеграфына және бір
волшебный фонарьға счет жібермей-ақ қойды. Жалпы счет бұдан бұрын облыстық басқармаға жіберілген еді, сондықтан осы оқу құралдарын алғандығы
туралы Бабиннен қолхат алуға мәжбүр болдым. Оның документ болып қабылданатынын, қабылданбайтынын
білмеймін. Мұнда-
ғылар қабылдайды деседі, егер
қабылдамаса, онда не қыларымды
білмеймін. Бұл ақшаны, сірә, өз жанымнан төлеп қалатын болармын.
Сіздің
көрсетуіңіз бойынша әртүрлі кітаптар жаздырып алу жөнінде попечительдің жасаған ұсынысын мен Қостанайдан Торғайға
келген кезімде алдым. Сондықтан, бұл ақша Троицкі казначействосынан әлі алынған жоқ. Казначействодан ақшаны альып, кітап жаздырамын деп жүргенде
смета жылы өтіп кете ме деп қорқамын. Қүні ертең Қостанайға жүрпіп кетемін.
Қолыңыз бос уақытында, аса құрметті Василий Владимирович, хат жаза салуды ұмытпаңыз.
Сізге шын берілген қызметшіңіз И. АЛТЫНСАРИН.
Осымен бірге, мен Сізге Қорғанбекті наградтау
туралы ұсыныс жасап отырмын. Ол наградтауға ең қолайлы адам еді, бірақ құр қалыпты. Оны қайтадан
наградқа ұсынуға немесе осыны айтып
мазасын алуға мен попечительден қорықтым; мүмкін, Сіз попечительмен ептеп
сөйлесудің бір мүмкіндігін табарсыз.
1884 жыл, 15 январь.
Торғай қаласы,