ВЕРНУТЬСЯ

Әйелдер қандай күшті еді,Әйелдер қандай мықты еді!Әйелдер мені жықты да,Әйелдер мені тіктеді. Әйелдер мені сендірді,Әйелдер мені нандырды.Әйелдер мені сөндірді,Әйелдер мені жандырды. Әйелдер мені ақын ғып,Әйелдер өлең жаздырды!Әйелдер мені семіртіп,Әйелдер мені аздырды! Білмеймін мұнша әйелге,Бұрады менің бүйірім?!.Әйелдер менің биігім,Әйелдер менің күйігім! Әйелге сендім мен өзім,Әйелден кейде алдандым.Қолдағай мені махаббат,Қанатым менің талған күн! Әйелдер мені құмар ғып,Әйелдер мені түңілтсін!Әйелдер мені өлтіріп,Әйелдер мені тірілтсін!                            28.04.1986 жыл