ВЕРНУТЬСЯ

    Құмар дейді қазақ деген бір халық -

Жіберуге бар қонағын ырза ғып.

Ішпей-жемей үнемдейді, ал сосын

Шашады екен - туа біткен мырзалық!

Берген мырза, алған ырза әрқашан,

Ат мінбесе тойдан киер жыр шапан.

"Бір тойым бар" дейді екен бабалар,

Жиған-терген, бәрін, сонда бір шашам..

Той құмарға немене екен керегі?..

Толғандырар тартып ойдың тереңі...

Әрі өздері - тойған түске, ықылас

Досқа мейір - естен кетпес деп еді.

Кәзір нешік, ағайындар, бұ шағың?..

Түгел ме осы - ата-баба нышаның?..

Мырзалыққа есеп емес шашпалық,

Еш талғамсыз жайылмай ма құшағың?..

Heгe, неге талғамсыздау бұ құшақ?..

Heгe, неге аталардан біз ұсақ?..

Келешегің не болады қарындас,

Ұрпағымыз кемтар болса бізге ұқсап?..

Ысырапсыз жайылғай да бү құшақ...

Ысырыпсыз асылғай да бүкіл ас...

...Қайғырмаймын кемиді-ау деп дәулетім,

Қайғырамын кеми ме деп... Ықылас...