ВЕРНУТЬСЯ

Ауық-ауық балконнан,Қаратады жалғыздық.Жүрегiңдi қара итке,Талатады жалғыздық. Аңсарыңды аудырып,Алып қашар жалғыздық.Ескi машинасына,Салып қашар жалғыздық. Құлақ тұнып,жаныңдыЗiрлетедi жалғыздық.Иманыңды,арыңдыКiрлетедi жалғыздық. Сандалтырып көшеде,Жүргiзедi жалғыздық.Кiрмейтұғын үйлергеКiргiзедi жалғыздық. Отырғызбай ,есепкеБатқызады жалғыздық.Алдап басқа төсеккеЖатқызады жалғыздық. Ойлап қойған iсiңдiШала қылар жалғыздық.Елудегi кiсiңдiБала қылар жалғыздық.Әлдилейдi құс інi,Сыртың - момын,iш - ұры.Жай кiсi екен,деп жүрме,Жалғыз жүрген кiсiнi!.. Хан тағында  ол адам,Қан тамырда ол адам.Жақын болып шығады,Жалғыз үйге жолаған... Жаны өзiне икемдi,Жалғыз өскен ителгi.Жарты ғасыр iшiнде,Жарты әлемге сүйкендi!.. Ай батады еңiстен,Күн шығады Жеңiспен!..Айнымайды сөзiнен,Жалғыз үйде келiскен!.. Айдалада жалғыз үй,Жалғыз үйде...бiр адам.Мекен жайы белгiлi,Адаспайды сұраған!.. Жалғыз өзi бағында,Сүлейменнiң тағында.Қуанышты көңiлi,Қапа болар шағында. Елемейдi қайғыны,Алатаудай айбыны!..Көшiрмесi Мәжнүннiң,Күтiп жатқан Ләйлiнi... Жалғыз өсiп жетiлдiм.Жалғыз өзiм...       Жетiммiн!..Бұл дүниенiң сырына,Жалғыз өзiм кепiлмiн!        Махаббаттан мас көңiл,Керекпейдi басқа өмiр....Жалғыз үйдiң түрiнде,Жалындайды...ТАСКӨМIР!..          2002 жыл, желтоқсан