ВЕРНУТЬСЯ

Сияқты ма, ақтара, сыр ашқан жан,Жаңбыр болып жауып тұр, нұр аспаннан.Толас таппай тасқыны тамшылардың,Көкжиекке қара бұлт ұласқаннан. Көре-көре шаршаған, шаңды ғана,Ақ жаңбырға жуынып алды дала.Шырайына сұлулық шыға келген,Манаураған манағы маңды қара! Қызыл ерні үлбірей гүл ырғалып,Ғашық еткен оны да, ғұмыр-жарық.Құштарлығым шақырып қол бұлғады,Жүрегімде бір үміт бүрін жарып. Қалсын бәрі жайына, бір күнгі есеп...Жанымыздың жырлайық бұлтын төсеп.Табиғат та жаңғырып жатқанында,Болмайды, дос, біз де бір сілкінбесек!