ВЕРНУТЬСЯ

Жаны ізгі жандарға жаным асық,Жарқын жүздің бәріне жаным ғашық.Жағаң жайлау жүргенге не жетеді,Жаз көңілді жандармен жақындасып. Мерейің де өседі осындайда,Өмір бір-ақ берілер, осыны ойла.Жуып кетсе жаныңа бауырыңдай –Жылу құяр жүректен досың бойға. Сыйласқанға не жетсін, міне, осылай,Қатқанша іште шер-шемен сыр ашылмай.Менің өзім сүйем кей жігіттерді-Жырға қосып Ғамзатов Расулдай!

Автор: