ВЕРНУТЬСЯ

Ақмешiттiң жолында,Айдалада жолықтың.Айналақтап өзiңе,Армандайтын болыппын. Аманбысың,Ақсәулем,Алаңбысың,Ақсәулем!..Сен болмасаң өмiрде,Қараңғы iшiм,Ақсәулем. Ойға келдiң оянсам,Түске кiрдiң көз iлсем,Бақытыңды аңғармай,Қайда жүрсiң өзiң сен!.. Ақылымды Жем-өзен,Алып кеткен тәрiздi.Суретiңдi Рафаэль,Салып кеткен тәрiздi...Жүрегiмде сезiм бар,Көкiректе көзiм бар:Керек маған Жылыой,Жылыойда өзiң бар!.. Ақылымды Жем-өзен,Алып кеткен тәрiздi.Ауылыңда жүрегiм,Қалып кеткен тәрiздi!.. Ыстық екен Жылыой,Қыздарының сұлуы-ой!..Ағам өзi келер деп,Әппақ қыздың тұруы-ой!.. Аманбысың,Ақсәулем,Алаңбысың,Ақсәулем.Сен жоқтықтан өмiрде,Қараңғы iшiм,Ақсәулем!..                16.10.2000  жыл.                           Атырау,              Жылыой ауданы.