ВЕРНУТЬСЯ

Ей, жиырма бес, қош келдің,Ақтарайын сырға сыр,Қайтайықшы гүл теріп, меніменен қырға жүр. -Не тындырып, не қойдың маған дейін, - дейсің бе,Үйлендіріп достарды қолым тимей жүр қазір.Бақыт болып тек қана, қуаныш боп көз алдым,Жиындарда, тойларды шалқып тұрып сөз алдым.Ішіп алып биледім ұстап  сұлу белінен,Өзім думан әйтеуір, өзім ғана базармын.-Қандай, қандай жүректен  жұрт сүйсінер жыр  естісең?-Алқа топтың алдында күш сынастым, күрестім,Шыдай алмай намысқа шатасып та қалдым мен...-Менен басқа қоя қой, естімесін мұны ешкім.Бозбала емес ду құмар, ақыл ойың еңселі,Дырдуды қой, ей жігіт, ер етемін мен сені.-Лапылдайтын, жанатын нағыз, нағыз кезім бұл,Мен дайынмын, жиырма бес , не істесең де өзің біл!                            ***-Шапшаңдықпен деп келесің жолды ұтам,Жүрісіңе мына досың болды таң.Асығамыз кабинада қайда біз,Ентелейміз неге алға оу, Мұқан!Ұнатушы ең қалжың сөзді, әзілді,Артатынсың, базынаңды, назыңды.Кеңесейік өмір жайлы азырақ,Екіленбей жайлап басшы «газыңды».Көңілді өтер әрбір алау кешіміз,Дұрыс жандар сияқтымыз есіміз.Мақтанарлық, ескерткіш боп қалардай,Айтшы досым, не бітірдік осы біз?-Жиырма бесте арды қолдан төккізбей,Ісімізді жүрген  жақсы сөккізбей.Ұялмастан ауыз барып айтарлық,Әлі ештеңе тындыра алған жоқпыз ғой.Қайрат барда бойға сыймай тасыған,Орынсыз-ақ, мыс-қоладай жасыған.Ізімізді мынау дала бетіне,Сұрадың ғой айтайынӨшпестей ғып, қалдырсам деп асығам-Бұл пікірге досым, мен де қосылам.           ***Сайыс бар ма?Сәйгүлігін баптайды,Қалай қайрат бір жұлқыспай тоқтайды,Жиырма бестер дамылдауды білмейді,Жиырма бестер түнде де ұйықтап жатпайды.Жүрек деген алып-ұшып соғады,Толқындардай ұрған жартас, жағаны.Жиырма бестер шырқау биік шыңды асып,Жиырма бестер жұлдыз болып ағады.Жиырма бестер табар адам мұратын,Осы шақ қой үй-тұрмыста құратын/.Жиырма бестер біле білсек өмірге,Көрік беріп тұратын.                         ***Маған ыстық бұйрат құмдар, шағылдар,Маған ыстық ұстатпайтын сағымдар.Не ойлайды екен қаладағы мен жайлы,Дала ұлдары Мұқандар мен Сағындар.Жоқ ұлыңда өзің жайлы ой бөтен,Алып ұшам саған ылғи ей, мекен.Олар мені жөнді, жөнсіз кінәлап,Оны қойшы, тайқып жүрген, - дей ме екен.Айыпта дос, айыптама әйтеуір,Қинайды ғой мені осы жай тегі.Ұстасам деп, ұстасам деп жалынан,Бір арманды қуып жүрсем қайтемін...