ВЕРНУТЬСЯ

(Ардақты ағам әрі құрметті ұстазымТәжіғали  Темірқұлов туралы толғау) Ардақты ұстазымсың,жан ағамсың,Ініңе үмітпенен қарағансың.Абай сынды қазақтың аспанына,Жұлдыз боп  кетуімді қалағансың. Қанат қақтым шыңдарға сені көріп,Шынар болдым шыбықтан өніп-өніп.Соңғы сағат соққанда мен өзіңе,Кете берсем қәнеки сеніп өліп. Иір-иір жармастым емендерге,Үйір-үйір жолықтым өлеңдерге.Аллатағаладан сәл бергі, адамзаттан,Сенен биік ұл шықса менен көрме. Ағажан,сені өсірген әлемде өстім:(Сылтауы,сырқауы көп  әрі өнбестің).Үлкен болып көздерім сен арқылы,Талай-талай жұлдызбен сәлемдестім.Бар мектеп қолыңда екен...кітап барда,Ең қуатты жармастым бұтақтарға,Сол кітаптар арқылы еркін кірдім,Генералдар отырған штабтарға!.. Жамандықтың жол бермей  тарқауына,Ізгіліктің айналдым арқауына.Жетелеген қолымнан сол кітаптар,Жеті аспанның жеткізді алтауына. Қауға тартып бұлақтай тереңдерден,Жол сұрадым Гомердей кемеңгерден.Айбергенов сияқты ағаларым,Аристотель сияқты өлең көрген!.. Сәлем берсең ғасырдан ғасырларға,Жарық жұлдыз көнбейді жасырғанға.Ақылыңмен өзіңнің жеттім, аға,Мұқағали сияқты асылдарға!                          Құл болғандар халқына- ханға айналды,Ездің болдым дегені болмай қалды!..Махамбет пен Исатай гүлге оранып,Баймағамбет биліктен шалғайланды. Соның бәрін үйреттің сабағыңда,Ақбастаудың отырып тамағында.Мен мұңаям еңселі елден бұрын,Кірбің көрсем,Ағажан қабағыңда. Сенен білдім өмірде  Пушкин барын.Ақын етер ақынды күштің барын!..Жинап келем жұлдыздай содан бері,Сен от берген мотордың ұшқындарын!.. Озық өткен әрқашан заманынан,Ақындардың айналдым қаламынан.Тайбурылдың осынау шаққа дейін,Найзағайлар ұшады табанынан...Жебеушім,Қолпаштаушым,ән қанатым!..Сен айтсаң бүкіл әлем жанданатын.Сабаққа сүмірейіп кірген бала,Қанатын саған қарап қомданатын!.. Өзің деп күннің көзі ашылатын,Құс жолы төбемізден шашылатын.Өзгенің сабағынан қашқан бала,Тек сенің сабағыңа асығатын!.. Жан ұстаз,Жақын бауыр,Асыл ақын!..Өзгеден ештеңем жоқ жасыратын!..Құзғындар қап-қара еді құсалықтан,Өзіңнен тас таба алмай асыратын!.. Өнердің сенен білдік дәрі екенін,Дүниенің миллион жылдық кәрі екенін.Бері екенін біреудің,әрі екенін.Бізден де өзге жандардың бар екенін!..Түзу сөзді қалайша кері өңдейін,Бұрғы салып бұдан да тереңдейін.Ізтай,Сағи,Мұзафар,Тілеуберген,Ғамзатовтар тұрады сенен кейін!.. Тіл болғансоң қалайша  сөйлемейін,Кейде алдында,ұлықтар,кейде кейін!..Осылардың бәрінен сен ұлықсың,Бұдан артық қалайша бейнелейін?!. Ірілерден мен Сізді ірі көрдім,Ірілермен із қусам тірілермін.Тауқыметін топырақтың тарту үшін,Тау,Тасыммен мен ертең бірігермін!.. Қайтейін өмір думан,қызықты еді!..Қызықтың хатқа түсті үзіктері!..«Қазақнама» кітабы қазына болса,Сен, аға, гауһар тассың жүзіктегі!..Демеу болдың бүгінім,ертеңіме,Жебеу болдың желді күнжелкеніме,«Қазақнама» кітабы отау болса,Жалауыңды қадайын ең төріне!.. Әманда жақсылықтың айы  көркем,Шығады тау басынан жайып өркен.Ағажан, өзің жайлы сөзім қалсын,Келмеске кеткенімде тайып ертең!.. Сұңқарға түсуден де ұшқан қолай,Кір басса көңіл шіркін дұшпанға оңай.Жалындап жарты ғасыр жанған оттың,Авторын білсін әлем, тұспалдамай!.. Өзекті өртеу үшін өлең керек,Мен дағы сол өлеңге берем көмек.Тұтанған от қасына көмір қалап,Бұл отты кім жағады сенен бөлек!..           Өзіңдей адамдармен –жылы ғалам,Біреу Сізге сөз айтса- жұлып алам.Періштенің ұстаздан бәрі кіші,Жоқ ұстаздан өмірде ұлық адам!.              Теңеу таппай теңізді сүзгіледім,Ту көтергім келедіСізді менің!..Жер шарынан теңеуге сөз таба алмай,Асыл аға,алдыңда тіз бүгемін!.. Аймен,Күнмен,Жұлдызбен салыстырдым,Дәптерімнің сыртына жабыстырдым.Абзал аға,өмірден кетерімде,Менің Сізден  келмейді алыс тұрғым. Ойың терең ұқсайды көк теңізге,Сөл мен шуақ таситын өкпемізге.Он алты-он жетіме кеткім келіп,Әлсін-әлсін қараймын өткен ізге!..Қәнеки,алпыс үштен кері кетсем,Іні боп іздеріңнен еріп өтсем.Жасырып Бәтимаға өлең жазып,Бақыттың босағасын берік етсем!.. Ізіме қайтаршы, аға, алған беттен,Аяймын жастығымды арманда өткен.Жетектеп тас молаға бара жатыр,Баяғы Байқожадан қалған көктем!.. Көк теңіздің жалғызбын жартасында...Өлеңдерім қазақтың қалтасында.Ақын болып білмеймін неге жеттім,Мәңгі отырмай мектептің партасында?!. Өтті өмірім ештеңе көрмегендей,Ойымды айттым,сөз айтқан елге көнбей.Көп жасатсаң,Тәңір-ау,нең кетеді,Махаббатын ақынның жерге көмбей!..Егіл-тегіл жас толып етегіме,Мен сезімнің көп ердім жетегіне,Бастан кешкен өмірдің соңын көріп,Ең соңында қамалдым кетегіме!.. Мынау  соңғы күндерім...Көп күндердей...Ештеңе жоқ еліріп –екпіндердей.Сағыныштың есігін қағып жүрмін,Мынау тәтті өмірден кеткім келмей!..          Тағдырымды отырмынтанып-көніп,Енді бұдан жанбаспын жарық болып.Өлеңімді осымен тоқтатайын,Босағаңа шаршадым...барып-келіп!.. Барар жерім белгілі,халім айқын...Байдың бағын қайтейін дарымайтын?!.Айдан көркем Әзихан апамызбен,Ағайынға сәлем айт танымайтын!..Ініңмін ғой баяғыҚолыңда өскен...(Іні болып ағаның жолын кешкен). Ортасында отыздың өліп кетіп,Қайта тудым алпыста... көрінбестен!.. Ініңмін ғой баяғы үйіңде өскен,(Іні болып ағаның күйін кешкен!)Өсіп-өнген миллион шаңырақтан,Жібек жіптің бірімін... түйіндескен!.. Басымдағы мына жәй мүлде бөлек,Тіл де көмек ақынға,Гүл де керек.Алпыс жастан өткенде қайта туып,Айналдырдым басыңды шыркөбелек. Сіз деп үзіп көктемнің қызғалдағын.Өлеңді де  бүгінгі Сізге арнадым.Тек өзіңнің көңіліңе жету болған,Адам болсам дегенде...Ізгі арманым!..Тас үстіне келмейтін қойылғысы,Көзім бәлкім көздердің тойымдысы,Менің бәлкім Пушкиннен миым аздау,Менің бәлкім Абайдан бойым кіші. Күйдіргенсоң менсінбейтаныс құрбым,Өзгелермен ойымды жарыстырдым.Төлегенге жете алмай кеше жүрген,Қара жерге намыстан... қарыс кірдім. Озық жүрген соңғыдан бұрынғылар,Есіміне сөз айтсаң қырын құлар.Тас үстіне тіктер ем мен де сені,Кімің бар мұнымды ұғар,құныңды ұғар?!. Әділет аз бұл күнде,жалғаншы бар,Қызыл түлкі қылмаңдап алдан шығар.Ебін тауып жағалап,ағаласам,Бере ме орын  бір жерден... алдамшылар.Өмір салты күншілдің жаудан айқын,Құдығы бар күн сайын  қауғалайтын...Шлагбаумда отырған бейшараның,Содан басқа несі бар... саудалайтын!.. Қарап тұрсаң қасқырдан қозы көптей,Сол қозыға жүресің сөзің өтпей.Қапталында қазанның отырғансоң,Қозың да өзін қоймайды озық етпей!..                                 Қазан,2010 жыл.