ВЕРНУТЬСЯ

       Атымтай жомарт
өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір
мезгіл үстіне ескі-ұсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір
күні өзінің жақын, таныстары сұрады дейді:

-        Жомарт,
Құдай берген дәулетіңіз бар,
ашқа - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге - үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете
алмаған жарлыша отын кесіп, шөп
тасығаныңыздың мағынасы не? - деп.

Жомарт айтты дейді:

-        Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өнебойы әдет етсең көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі
төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер
әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өз бейнетіммен таңнан
бір-акі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма
сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртіншісі: кұдайтағаламның
берген дәулетін өзімсініп,
тиісті орындарына жаратпай, көбісін
өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын,- деді.