ВЕРНУТЬСЯ

Бесіктен алып терең тынысымды,Алланың жанарыма нұры сіңді.Сиынып аруақты бабаларға,Жазамын құрысым мен тырысымды.Бабалар – асқақ рух, мұратымдай,Киелер қолдап дәйім тұратындай.Жалын-от жанарымда жарқылдаған-Әулиелі әлемнің пырағындай.Жүрекке ұялатып сезім-селін,Өзімді Баба-ұрпағы сезінемін.Көк Тәңір –Жұлдыздардың ғаламынан-Шашады нұр-шапағын көзіме Күн.Емес бұл сағым сынды елес мүлде,Білмеймін, табиғатпен тел өстім бе,Лапылдап жанарымда жанған отты-Лаулаған жұлдыз-ғұмыр демеспін бе!Жалау ғып алауды өмір сынағында,Күш құям кеудемдегі жыр-ағынға.Жауады жан-әлемнің жақұт-сыры,Жұлдыздай жарқылдаған шырағымда!

Автор: